Тың серпілістер баршылық    

Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары Роман Скляр Ақмола өңіріне жұмыс сапарымен келіп, арнайы Бурабай ауданына ат басын бұрды.

Үкімет басшысы орынбасарының мақсаты жергілікті өңірдегі өнеркәсіптің реформалы түрде дамып жатқандығына көз жеткізу. Сонымен қатар ата көршіміз Ресей мен Қазақстан арасында ортақ келісімнің негізі қаланатын достастығы берік елдің арасындағы өтетін халықаралық 17 форумның аясында салынып жатқан құрылыс нысандарымен танысып, сонымен қатар туристік өңірдің сметалық жобаларымен танысып, облыс орталығында бой көтеріп жатқан жаңа «Болашақ сарайы» көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз қылатын жергілікті кәсіпорындарды аралап танысты.

Қазіргі таңда Бурабай ауданының кәсіпорын жұмысы экономикалық жағдайда нақты даму үстінде. Аудан орталығынан ашылған жаңа ет комбинатынан алыс-жақын шетелдерге ет өнімін шығарып жатыр. Қазақстандық етке шетелде сұраныс жоғары екендігін көпшіліктің есіне сала кеткеніміз абзал.

Алдағы уақытта Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жиегінде балаларға арналған спорттық нысандар бой көтермекші, бұған баратын Щучинск-Көкшетау тас жолының жұмысымен де келген меймандар толыққанды танысып, пікірлерімен бөлісті. Су тұрбаларын өндіріп жатқан кәсіпорынды да аралаған қадірлі меймандар жұмысшылармен жолығып, тілдесіп, сұқбаттасып жағдайларымен танысып, оң бағаларын берді. Бурабай және Қатаркөл ауылына жасалынып жатқан күрделі жөндеуде тұрған тас жолының құрылысымен танысып, туристік аймақтың қарқынды күш алып, дамып жатқандығын тілге тиек етіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *