Алтын адам – қазақ тарихының феномені

 

Рухани жаңғырудың мемлекеттік бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың – жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру, оның әр қырымен оқырмандарды таныстыру кітапханашылар үшін үлкен абырой.

Ұлы даланың жеті қырының бірі — Алтын адам.  Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін баға жетпес мұра. Алтын адам — қазақ тарихының  феномені.

Осыған орай орталық аудандық балалар кітапханасы онлайн форматында  «Көненің көзі — Алтын адам» атты бейне – шолуын  оқырмандар назарына ұсынды.

Қысқаша шолу жасасақ, Алтын адам — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.  1969 -1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан.

Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.

Алтын адам Қазақстанның азаттық символына айналды. Алтын адам туралы айтылған ақиқат та, аңыз да көп.

Соның бірі үш апта аралығында табыт – тамның төбесінен бастап төрт іргелерінің табанына дейін тазартып алдық. Жерлеу құрылысында ешқандай ақау жоқ. Ұры – қары дейтін суық қолдан қалған белгілерден де дін аман.  Ортаңғы, біз ашып қайта көмген, тоналған кабір шұнқыр мен одан оңтүстік — шығыста жатқан жерлеудің арасы 13м екен. Екеуі де бір обаның астында орналасқан болып шықты. Ендігі жұмыс – тамның төбесін ашып ішіне түсу ғана. Айтбекті қалдырдым да, Алматыға тарттым. Ұстазым – Кемекеңе (Кемел Ақышев — автор) бар жайды баяндап қайта оралдым. Келе сала қазба орнына барсам: 5-6 жасар екі бала табыттың табанындағы бөренені шыбықпен шұқылап отыр. Қолдарындағы шырпы қорапты алдым да,  көтеріп құдықтан шығарып жібердім. Қорапты ашсам, ішінде оншақты ұсақ алтын әшекейлер бар, — деген екен.

Алтын адам киіміндегі шеберлікпен жасалған тоғалар мен жапсырмалар қазіргі таңда мемлекеттік рәміздеріміздің нышандарында қолданылады.

Алтын адамның табылуы түп-тамырымыздың қайдан бастау алғанын және ата-бабаларымыздың рухани материалдық мәдениетінің озық үлгісін айқындап, қазақ жеріндегі мемлекеттілік пен өркениеттің ертеден қалыптасқанының үлкен дәлелі. Ұлттық рухани қазынамызға жас жеткіншектердің назарын аудартатын сырға толы саяхатын, бейне көрсетілімдері әлі де  жалғасын табады…

Орталық аудандық балалар кітапханасы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *