Бурабай ауданы әкімінің Астана күнімен құттықтауы

Құрметті бурабайлықтар!

Жүректен шыққан ыстық ықыласымды қабыл алыңыздар!

Біздің астанамыз мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы.  Бұл кең-байтақ отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттық аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.

Нұр-Сұлтан қаласы қазіргі уақытта жаһанда заманауи қала болып, ортақ келісімнің ордасына айналып отыр. Экономикалық, мәдени рухани келісімнің Орта Азиядағы орталығы екендігін барлығымыз жақсы білеміз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың идеясынан тұрғызылған қала барлық қазақстандықтардың мақтанышы, әрі айбынына айналды. Біздің бас қаламыз қашанда ортақ келісімнің саяси бас қосулардың, әлемдегі шиеленістің шешімін табатын өзіндік рөлі зор, күрделі мәселелерді талқылайтын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, шешімі табылмай отырған сан сұраққа жауабын табатын орталық болып отыр. Алдағы уақытта қаншама оң бағытпен атқарылатын еліміздегі әр азаматтың жағдайын жасайтын жұмыстар тұр. Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен іске асатынына сенімдіміз.

Қадірлі жерлестер!  Әлемде тек тыныштық, тұрақтылық, жетістік пен жемісті күндер көп болсын, әр бурабайлықтың отбасына амандық, деніне саулық тілеймін, мемлекетіміз жайнап, жасарып, жаңара берсін!

                       Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *