Ғасырдың ғаламат ақыны

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 78 жыл

ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушы, 1999 жылы Қырғыз Республикасының Халық ақыны атақтарына ие болады.

1966 жылы «Бақыт», адамгершілікті арқау еткен «Балладалар», т.б. жыр жинақтары жарық көреді. Еліміз тәуелсіздік алған соң бірқатар мемлекеттік қызметтерді де абыроймен атқарды. Он жыл Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды. Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты болып жүріп те өзінің бірегей болмысымен көріне білді.  Мұхтар Шаханов осындай қыруар мемлекеттік, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрген жанның шығармашылық қуатына да  таңқаламыз. Ақынның өлеңдері, поэмалары, балладалары, прозалық шығармалары жыл сайын жазылып, шығып жатты. Олардың қай-қайсысы болса да  оқырманнан өзінің жоғары бағасын алды. Көптеген шығармалары дүниежүзі халықтарының тілдеріне аударылды.

Мұхтар Шаханов — ақындық қана емес, сазгерлік те қырынан танылған жан. «Жұбайлар жыры», «Туған күн кешінде», «Мен саған ғашық едім» деп аталатын және басқа да сыршыл, отаншыл әндерін жұрт ел ішіндегі түрлі бас қосуларда орындайды, толғана тындайды.

«Ақын болу дегеніміз- тек қана өлең құрастырушы емес, ақын болу дегеніміз- бірінші кезекте өзінді туған халықтың парасат биігін меңгеру, оның жеңілісі мен жеңісін, алаулы достық-махаббатын өз жүрегіңнің елегінен өткізу. Өз халқының қуанышын тек өз қуанышым деп таныға шақтан бастап қана ақындық өнерге бет бұрады екенсің-дейді  қайсар, тұлғалы ұлы ақын.

                К. Әубәкірова, ОАК қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *