Қазағымның қазынасы-домбыра

 

Бүгінде елімізде Ұлттық домбыра күні бірнеше жылдан бері  аталып өтілуде. Шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қабылданған болатын. Жалпы, Ұлттық домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға.  Осыған орай ұлттық домбыра күніне арналған «Қазағымның қазынасы — домбыра» атты  онлайн музыкалық миксті орталық аудандық кітапхана оқырмандар назарына ұсынды.

Ұлтымыздың мақтанышы болған қасиетті қара домбыраны таныстырып, күй шеберлерінің халық сүйіп тыңдап жүрген шығармаларын насихаттау  бүгінгідей ұлттық  мерекеде,  домбыраның шанағында ойнап, күмбірлеген күйлерімен елді сүйсіндірген күйші — композитторларды таныстыру басты мақсат. Сонымен қатар музыкалық микс барысында атақты күйшілер Дәулеткерей Шығайұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы сынды қазақтың маңдай алды күйшілерінің өмір тарихы мен шығармашылығы таныстырлып, олардың ел аузында жүрген күйлері орындалды. Балалар өнер мектебінің ұстазы Байтөре Лиза Асыл-Мұратқызы Дәулеткерейдің «Көрұғлы», «Құдаша» күйлерін орындаса, Жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Бақытжан Бахқожа Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіріп орындап берді.

Домбыраның жан толғандырар дыбыстарын естігенде Көз алдыңа алуан бояу мен мың құлпырған кең дала келеді. Домбыра үнемі әр түрлі дыбыстар шығарады. Кейде лирикалық сазды дыбыстар болса, кей кезде қарымды, жан толғандырар әсерлі дыбыстар болады. Ол қазақтың ұшы қиырсыз даласы, көшпенділердің тұрмыс тіршілігі, дала халқының ой қиялдары туралы сыр шертеді. домбыраға арнап көптеген кинолар түсіріліп, кітаптар шығарылған. қазақ халқының әрбір шығармаларында өзіндік тарихы бар. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй — ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде — кем болған.  Және Домбыраның қасиеттілігі, киелілігі қанымызда сіңген тектілік пен сырбаздықтың лебі деп білеміз. Ұлы мұрамызды қастерлей білейік. Домбыра күні құтты болсын.

                         Махаббат Оразалина, орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *