Еңбегі еленген жан бақытты…

«Бурабай Су Арнасының» ұжымын аудан әкімі Әсет Мұздыбаев «су шаруашылығы күнімен» құттықтады. Осы салада еңбек етіп жүрген жандарды арнайы «Алғыс хатпен» марапаттап, ризашылығын білдірді.

Қазіргі «Бурабай Су Арнасы» ұжымын басқарып отырған Галина Телегенова ханымның атқарып отырған жұмысына оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

Жалпы ауданымызға қарасты елді-мекендерді және аудан орталығын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Бурабай Су Арнасында» жүзге жуық адам жұмыс істейді. Елді-мекендер сумен қамтамасыз етіліп, құбырлары уақыт талабына сай жабдықталған.

Мерекелеріңіз құтты болсын, су шаруашылығының мамандары.

                                                             «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *