Бейбіт күннің батырлары

Ағымдағы жылы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, коронавирус аурумен күрескен ақ халатты абзал жандардың еңбегі жайлы атап өтіп, өзінің ризашылығын білдіріп, бүгінгі таңда халқының қамы үшін өздерінің қызметтеріне адалдығын көрсете білді деді. Осы ауруға қарсы күресіп, өздері дертке ұшырап, алдыңғы шепте жүріп көз жұмған батырлар бұл кісілер,-деп айрықша атап өтті. Солардың бірі Егіндікөл ауданы ауруханасының дәрігер-анестезиологы Сәуле Байғабылова мен көкшетаулық дәрігер-анестезиолог Олег Исаевтың туған-туысқандарына көңіл айтып, «Еңбек Ері» жоғары дәрежелі атаққа қоса «Алтын жұлдыз» бен «Отан» ордендерін табыс етті.

Көкшетаулық әріптестерінің айтуына қарағанда Олег Исаев өз жұмысына берілген жанның бірі еді. Қашан көрсеңіз алдына ем іздеп келген дертке шалдыққан жандарды мұқият қарап, қолынан келген көмегін аямай, алаңдап жүруші еді. Өзінің қызмет атқарған ортасында беделі де жоғары болатын. Ұлт саулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан әр дәрігердің бойында ертеңгі болашаққа деген нық сенім бар,-дейді марқұм болған дәрігерлердің әріптестері. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев өңір бойынша екі жүзге жуық адам сырқатқа шалдықса, бес адам осы дерттен көз жұмды. Жалпы коронавирус дертінің асқынбауына, етек алып кетпеуіне барынша күш салып жатқан ақ халатты абзал жандардың барлығына өз атымнан алғыс білдіремін деді.

Иә, ұлт саулығы үшін алдыңғы шептен табылып, әрбір сырқат адамға көңіл бөліп, бойларындағы күш-қайраттарын аямай жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегі адал. Сондықтан да құрмет пен ізетке, алғыс пен марапатқа лайық. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»-демекші, қиын кезеңде халықтың жағдайын ойлап, өздерінің кәсіби жұмыстарын адал атқарып жатқан жандарға барлық қазақстандықтар бас иеді. Еңбектерінің жемісін көрсін дейміз. Ал марқұм болғандарды елі мәңгілік ұмытпайды.

                                                          Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *