Дәрігер саған, мың алғыс…

Күншығыс елінен бастау алды. Көрші мемлекетте болып жатқанда исі қазақтың баласы той-томалағың атқарып, тұтас отырған. Кенет басталды. Алғашқы толқынның лебін аңғармадық. Жай болмашы «тұмау бұл…» деген сәуегейлер де болды. Бірақ, кенеттен келген дерт, ел ішіне кірген кезде бірақ білінді. Әйтпесе, тойың тойлап «тойың тойға ұлассың» деп жүрген бейқам халықтың оған шейінгі қарекет тірлігі, ешкімге дес бермейтіндей еді. Жарайды. Кірді. Сабылыс басталды. Бұрын «қуаныш құтты болсын!» деп ақжарма лебізімен бөлісіп, марқайып, көңілі хош отыратын қарын бөле қазақтың басына мықтап қайғы орнады. Әне дүние салды, міне дүниеден өтті деушілердің күн сайын хабары үрейлендірді. Өлім ойран, өмір майдан екендігін сонда ұқтық. Қазақтың талай тектісі осы пәле аурудың уысында кетті. Аяқ астынан. Ойламаған жерден. Даңғайыр, кеңқолтық халықпыз ғой. Әй болмадық. Тіпті кейбір ақпарат көздеріне иек артып, сұрыптап, сараптап қарап отырсақ, кейбір өңірлердің халқы оң жағында жаназа асың беріп, сол жағында даңғаза той тойлап дүбірлетіп жатыр. Бұл не қылған бітпей қойған той!? Таң қаласың! Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғының керімі. Әлде басы аманның –малы түгел ме? Солай ғой.  Кейде осы қазақтың қоңданып, иығы шықпай отырғандығы тойының кесірінен бе дейсің? Өйткені:немересінің бір жасы, мүшел жасы, одан қала берді жиырма бес жас, отыз жеті жас, әрі қарай тізе берсеңіз тойдың түрлі-түрлі форматы шықты. Жарайды тойласың. Бейқам кезеңде, бірақ дәл ел ішіне кіріп, түтінің түзу шығармай ойрандап жатқан, мына аурудың асқынып тұрған уақытыңда емес, сосын…күн табылар, бір сәтті күні. Сонымен коронавирус ауру құрық бойлатпай кеңінен аяқ басты. Мұндайда халқының басындағы ауырлықтан алып шығатын білгір маман, дәрігерлер қауымы ғой.

Күн демеді, түн демеді. Сөткелеп үй көрмеді. Жоқ, тіпті үйлеріне де бармады. Себебі аурудың аузын арандай ашқаны, ауыздықсыз кеткендігіне қарсы арпалысты. Өзгені білмеймін Щучинск қаласындағы аурухананың ішіне кіріп жағамды ұстадым. Жүздеріне мұң ұялап, әрең жүр ақ халаттылар. Баяғыдай жайраңдай күліп, қал-жағдайыңды сұрайтындай емес, әйтеуір мойындарына алған міндет, халықтың алдындағы жауапгершілікті аяқ асты етпеудің амалы. Өздері де осы аурумен сырқаттаныпты араларыңда, бірақ тіс жарып, кімге айта берсін, ажалдыға араша болатын, өздері ауырып жатса деп тағы да былайғы жұрт сөз өрбітер деген шығар. Бір сәт дүние кірпігінен байланды. Өлім көбейді. Жиын. Дұға асы. Той тоқтатылды. Бірақ інің жасырғанның амалымен ұсақ-түйек тойлар болып жатыпты. Тойдың соңы тағы белгілі. Жарайды, ол да өтті. Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қазақстандықтарға үндеу тастап, бірқатар карантиндік шараны қатаңдатып айрықша назарына алды. Барынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз қылып денсаулық саласына көңіл бөлінді.   «Жалғыздың үні шықпас» демекші, ел басшының үндеуінен кейін өңір-өңірдегі волонтерлар мен кәсіпкерлер, елге белгілі тұлғалар белсене кірісті. Шетелден арнайы аппараттар жеткізілді. Дертіне ем таба алмай жатқан жандарға бұл да үлкен айтарлықтай көмек. Өткен жылы Президент  «Еріктілер жылы» деп белгілегені белгілі. Былтырғы Жастар жылының  жалғасындай болған бастама, еріктілерге күш жігер берді, жігерін жаныды. Волонтерларды қолдауға арналған шаралардың арқасында олар әртүрлі  саладағы көптеген шаруаларға араласып қолғабыс етіп жатыр. Өткен аптада қасиетті Құрбан айттың бірінші күні Бурабай ауданының әкімшілігі мұрындық болып жергілікті дәрігерлерге «Дәрігер саған мың алғыс» атты тақырыптың аясында арнайы акция өткізді. Бұл акция қазіргі таңда республикамыз бойынша кеңінен қолға алынған, Қазақстан Республикасының халықтар ассамблеясының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Жүзінен нұр төгілген, бойына мейірімділік пен ізгілікті жинаған ақ халатты абзал жандарға деген шынайы алғыс айтылып, өмір майданында алдыңғы шептен табылып жатқан жандарға деген құрмет, ізет көрсетілді. Аталмыш акция алдымен аудандық жедел жәрдем бөлімінен басталды.

Алғашқы сырқатқа ұшыраған жандарға көмек беріп, барынша жаның сақтап қалуға тырысатын  жедел жәрдем бөлімінің басшылығына Бурабай ауданының әкімінің орынбасары Малика Нұрпанова алғысын  айтып, құрбан айттарымен құттықтап, сый-кәдесін табыс етті. Бұдан кейін «Авицена-Бурабай» ЖШС-нің дәрігерлеріне бас сұғып, барлығын ізгілік пен мейірімге толы, жақсылық пен қуаныштың лебі болып, елдің амандығы үшін қызмет атқарып жатқан дәрігерлер қауымына Малика Нұрпанова ықылас-ниетін білдіріп, жалпы бурабайлықтардың атынан алғысын айтып жеткізді. Пандемияның белең алған тұсында өңір бойынша біраз ауруханаларда орын жеткілікті болса да, Бурабайдың ауасы дертке дауа, жанға жайлы ғой. Бурабай кентіндегі Балаларды емдеу және сауықтыру орталығы, уақытша дертке ұшырағандарды емдеуге арналған орынға айналған-ды. Мұндағы білікті дәрігерлер күні-түні дамыл таппай ел үшін, аянбай қызмет атқарды. Тіпті үйлеріне де бармапты. Әрбір адам мемлекет байлығы дейді бас дәрігері. Аудан әкімшілігінің келіп, ізет көрсетіп жатқандығына шынайы ризашылықтарын білдіріп, бұл өтпелі кезеңнен де бұйыртса өтеміз деп отыр ақхалаттылар. Иә, ауданымызда құрылған «волонтерлер тобы» осы барлық дәрігерлерге барып, өздерінен атынан сый-кәде табыстап, елдің бірлігі қашанда осындайда көрінетіндігінің айғағы бола білді.

Елдің амандығы әрине бірлікте. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Бастысы тіршілік болсын. Ауру-сырқаудан аман болайық. Алла тағала тілеген тілегімізді қабыл қылып, тосыннан келген дертке ұшыратпасың. Бұл, өтпелі ғой. Өтер де, кетер… Ел аман болсын ағайын!

«Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.