Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдеріне, басқа тағам түрлері сияқты, қауіпсіздік мәселелері аса назарға алынған. Соның бірі — «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 033/2013 Техникалық регламентінің қолданылуы. 2010 жылдың 18 қарашасында «Тағам өнімдері қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 033/2013 Техникалық регламенті қабылданған және қолданыста. Бұл Кеден одағы комиссиясының 2011ж 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітіліп, 2013 ж 1 шілдесінде күшіне енді Бұл регламент Беларусия, Қазақстан және Ресей Республикаларында техникалық реттеудің бірегей ережелері мен негіздері туралы келісімге сәйкес  енгізілді. Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау, тасымалдау және сату кезінде  қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс. Бұл техникалық регламенттің негізгі мақсаттары — адам өмірі мен денсаулығын, дүние мүлігін және қоршаған ортаны қорғауға, тұтынушыларды жаңылыстыру іс-әрекеттерін алдын-алу болып табылады.  Сүт   өнімдерінің сапалық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне зерттеулер арнайы акредитацияланған  лабораторияда жүргізілді. Біздің зертхана  «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының  Бурабай аудандық бөлімі бойынша акредитацияланған сынақ орталығы сут өнімдерінің негізгі көрсеткіштеріне зерттеулер жүргізеді.

Осы техникалық регламенттің күші мына өнімдерге  таралмайды:

  1. сүт негізіндегі немесе сүт өнімдерін пайдаланып жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдер, тағамдық және биологиялық белсенді қоспалар, дәрілік заттар, жануарларға арналған азық, тағамдық емес тауарларға,
  2. үй жағдайында және (немесе) жеке қора шаруашылығында азаматтар алатын сүт және сүт өнімдері, сондай-ақ тек жеке тұтыну үшін ғана арналған және Кеден одағының кедендік аумағында айналымға шығару үшін арналмаған сүтті және сүт өнімдерін өндіру, сақтау, тасу және кәдеге асыру процестеріне

Сондықтан да белгісіз өндірушілердің шикі сүтін сатып алуға, тікелей тағамға қолдануға болмайды, себебі онда зиянды организмдер, заттар мен бактериялар болуы мүмкін. Тамаққа пайдаланар алдында шикі сүт міндетті түрде термиялық өңдеуден өткені жөн .  Қазақстандық сүт өнімдерін  шығаратын  өндірістер    Кедендік Одақ арасында жасалған стандарттар, техникалық регламенттердің және басқа осы саладағы нормативті актілердің қабылдануы қазақстандық сүт өнімдерінің   талаптарына сәйкестендірілген.

Сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады, сондықтан әрқашан тиісті талаптарды сақтаған жөн: Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары    пайдаланылып, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттары болуы тиіс. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау кезінде олардың ластануы мен бүлінуін болдырмауды қамтамасыз ететін шарттар сақталуы тиіс.

ҚР ДСМ  тауарлар мен көрсетілген Қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «ҰСО»ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша  Бурабай аудандық бөлімінің сантарлық- гигиеналық зертханасының зертханашысы Смагулова Ж.К.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.