Кітапханашылар Абай күнін атап өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген  10 тамыз –Абай күніне орай,  Бурабай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» бірнеше ауқымды іс-шараларды ұйымдастырды.

Бұл күні Бурабай ауданында «Абайдың тойы-халық тойы» атты мәдени іс-шарамен басталды. Мәдени іс-шара әдеуметтік желілерде халықтың ерекше көңілінен шықты. Ұлы ғұламаның өлеңдері, ақындардың арнауы оқылып, Абайдың әндері шырқалып, Абай образы сомдалып, сол арқылы ұлы ойшылдың құнды шығармаларын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, одан әрі жалғаса береді деген мақсатпен бейнекөрініс арқылы мәдениет қызметкерлері кеңінен сомдай білді.

Абай Құнанбайұлының шығармашылығы арқылы жас ұрпақтың бойына мақтаныш сезімін, патриоттық рухта тәрбиелеуге баулу, кітап оқуды насихаттау бойынша «Абайдың үні – халықтың үні» атауымен ақынның өлеңдерін  онлайн оқу марафоны өткізілді. Онлайн марафонға кітапханамыздың оқырмандары қатысып, үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыса, кітапханашылар ұлы тұлғаның жан-жақты қырын ашу бағытында әр түрлі бейнероликтер, виртуалдық көрмелер, әдеби-танымдық сағаттарды оқырмандарға паш етті.

Аудандық кітапханада «Абай — кемел ойдың кемеңгері» атты кітап көрмесі қойылып, кітапхананың фейсбук, инстаграм парақшаларында тікелей эфирде библиограф Абдығожина Айсұлу Қабиденқызы ақынның ұлы мұрасы бойынша тағылымды онлайн шолу ұсынды. Көрмеге кітаптардан бөлек,  «Абайды оқы таңырқа!» атты QR-код мобильді қосымшасы, әдемі безендірілген 175 ЖЫЛ атауы, «Абай жолы» макеті, қарасөздері мен нақыл сөздері жазылған буклеттер, библиографиялық көрсеткіштер қойылды. Жалпы кітапханашылар жыл бойы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, оқырмандарға жеткізу үшін көптеген игі істерді атқарды.  Менің ойымша, Абайды тек Абай күнінде ғана тойлап қоймай, әр күні ақынның бір өлеңін немесе қарасөздерін оқып, оны өз санасынан өткізуіміз керек. Себебі, Абай мұрасы –мәңгілік!

 Назира Рамазанова, Бурабай ОКЖ-нің директоры

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.