Еңбек шартын бұзбау жөнінде

Өткен аптада «Бурабай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында Ақмола облысы мемлекеттік еңбек инспекторы Жылқайдар Бейсенбаевтың қатысуымен жиын  өтті.

Жиында көтерілген мәселе бүгінгі таңдағы еңбек еткен жандардың алатын еңбекақысы төңірегінде және ұжымды әлеуметтік жағынан қолдау, сондай-ақ екі жақтың еңбеккелісімі жайында болды. Әзірге ауданымызда мұндай теңсіздікке жол берілмеген. Барлық жауапты мекемелер һәм қызмет берушілер еңбек адамдарымен келісім-шартқа отырып, заң аясында жұмыс жүріп жатыр дейді.

Сонымен қатар Жылқайдар Қапсанұлы республикалық бизнеске бөлінетін сайыс «Парыз» жайында өз ойымен бөлісті. Аудандық білім бөлімінің басшыларына, оқу бітіріп келген жас мамандарға заңды егжей-тегжейлі түсіндіріп, еңбек шартының бұзылуына жол бермеу керектігін айтып өтті.

Каратиндік режим аясында өткен шағын жиында мемлекеттік еңбек инспекторына сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар қайтарылды.

Шолушы назарынан

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.