Жаңа кітаптар

Бурабай орталық аудандық кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптарды оқырмандар назарына ұсынамыз.

Билік сабақтастығы. Преемственность власти. Лебіздер мен пікірлер жинағы. Қазақ және орыс тілдерінде. — Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019. – 332 бет.

Тақырыптық жинақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретінде өкілеттігін тоқтатуына байланысты жолданған хаттар мен жеделхаттардан, осы оқиғаға қатысты ой-пікірлерден тұрады.

Кітапқа Тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2019 жылғы 19 наурыздағы үндеуі, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының 2019жылғы 20 наурыздағы бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, сондай-ақ өзге де материалдар енгізілген.

Басылым көпшілік оқырман қауымға арналған.

Барлыбек Сырттанұлы. (1866-1914) Өмірі, шығармашылығы / Құраст.: Е. Төқтарбай. — Нұр-Сұлтан: Алашорда Қоғамдық  қоры, 2019. — 248 бет.

Жинақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Барлыбек Сырттанұлының ғұмырнамасына арналған. Жинаққа қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына қатысты архивтік құжаттар мен материалдар топтастырылып отыр.

Алаш тарихы мен мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналған.

 

Жақып Б. Желбіреп тұрған Көк Туым — биік тұғырым: Өлеңдер, поэмалар. / Бауыржан Жақып. — Алматы: SUNSHINE plus, 2019. — 240 бет.

«Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының, М. Мақатаев атындағы және Ж.Нәжімеденов атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты, ақын Бауыржан  Жақып есімі жырсүйер қауымға жақсы таныс.

Ақынның  «Желбіреп тұрған Көк Туым — биік тұғырым» атты бұл кітабына атамекен, туған жер, өскен орта туралы отан сүйгіштік тақырыбына жазылған жырлары топтастырылып отыр. Кең-байтақ Қазақстанның әсем табиғаты мен тарихи жерлері асқақ рухпен, перзенттік махаббатпен жырланады. Сондай-ақ қазақ елінің тұлғалы азаматтарының бейнелері сомдалады.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Боранбаев Ж. Тума талант — Саттар Ерубаев: тарихи-танымдық басылым. / Жарылқасын Боранбаев / — Алматы: Білім баспасы, 2019. — 232 бет.

Бұл кітапта өмірге деген құштарлығын баса алмай, қазақ қоғамына жас жанының өксігі мен өкінішін мәңгілікке аманаттап,қыршын кеткен аса дарынды перзенті – Саттар Ерубаевтың туған жері, ата-тегі, балалық шағы, өмір жолындағы ізденістері сияқты тартысқа толы қысқа ғұмыры туралы баяндалады.

Рәш М.Есімде есілген естеліктер…: Эсселер. / Мыңбай Рәш. Алматы: Алаш баспасы, 2019. – 480 бет.

Сатирик-жазушы Мыңбай Рәш бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда, Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көргені хақында, одан бері қарайғы мезгілді қамтитын еліміздің аса көрнекті қаламгерлері мен өнер майталмандары жөнінде сыр шертеді.Автор көзі көріп, сөзін естіген қайсыбіреулерімен қызметтес болып, бірге жүріп, біте қайнасқан шақтарын қызықты етіп әңгімелейді.

М. Жүнісова, ОАК кітапханашысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.