Тіл тағдыры – ел тағдыры

Ертеңгі күнге көз жүгірте білетін, көріпкел ұлт өз тілінің тағдырын ойлауға міндетті. Тіл жоқ жерде, ұлт болмайтынын небір зиялылар тектен-текке айтпаған, белгілі бір тілде сөйлейтін адам болмаса, сол ұлттың бар-жоғы да білінбей кететіні хақ. Міне, осындай өзекті мәселені тілге тиек еткен дөңгелек үстел 2020 жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі және аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры — ел тағдыры» тақырыбында №7 мектеп-лицейінде өтті.

Осынау іс-шараны өткізудің басты мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту болып табылады.

Дөңгелек үстелдің қонақтары «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Қайыржанұлы Смағұл, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Дүзелбайқызы Талпақова, Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Байкенұлы Төлекеевтің басшылығымен ойдағыдай өтті.

Ауданымыздағы көптеген тіл жанашырларының көкейінде жүрген біраз сұрақ талқыға салынып, қатысушылардың әрбіреуіне өз ойымен бөлісуіне мүмкіндік берілді. Дөңгелек үстел барысында аудандағы тіл ахуалы туралы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Д.Хамзина баяндаса, білім бөлімінің әдіскері К.Алдабергенова білім саласындағы мемлекеттік тіл мәселесіне тоқталды.

Аталмыш шарадан соң қонақтар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, көрнекі ақпараттармен танысты және халыққа қызмет қай тілде көрсетілетінін бақылап, қызметкерлермен сауалнама жүргізді.

А.Мадиева, Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.