«Досым оқыған кітап» жобасы

Адамды адам еткен — кітап,

адамзат еткен — кітапхана.
Әбіш Кекілбаев

Бүгінгі таңда күн санап өзгеріп жатқан жаңа ақпараттық технология заманында жас ұрпақты кітап оқуға баулу қиынның қиыны болып тұрған мәселе. Ал кітапхана мәдениет саласы ретінде білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

Балалар әдебиеті өскелең ұрпақтың, балдырғандарды болашаққа бастар жолы, олардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, дамытуда зор рөл атқаратындығын қазіргі кезеңде аса қажет. Кітаппен дос болған баланың ой — өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып — үйреткен – ол кітап.

Осы орайда Бурабай ауданының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» орталық аудандық балалар кітапханасы «Досым оқыған кітап» жобасын жалғастыруда. Жобаның басты мақсаты — балалар әдебиетін насихаттау және балалар оқыған кітаптарын достар арасында өзара бір-біріне ұсыну арқылы тәрбиелеу. Жуырда «Досым оқыған кітап» жобасы аясында Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті редакциясында қонақта болып, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бас редакторы, ақын, журналист Қайырбай Төреғожа Зейноллаұлымен «Жаңа кітап — жан азығы» атты онлайн — сұхбатын өткіздік. Ақынға «Кітап өмірлік досыңыз ба?», «Кітап оқуды отбасында тәрбиелеген маңызды ма?», «Бүгінгі қоғамда Сізді не толғандырады?» тағы басқа сауалдар қойылып, автор өз кезегінде нақты жауап беріп, балаларды жиі кітап оқуға шақырды.

Сонымен қатар «Көкшетау қаламгерлері» атты жаңа кітап сериясы бойынша мындаған тараумен шыққан «Көкжиек» кітабы туралы кеңінен тоқталып әңгімелеп берді.

Сұхбат соңында автор кітапханамызға жылы тілегін білдіріп, бірнеше кітабын кітапханаға сыйға тартты. Осылайша кітап қорымыз жаңа кітаптармен толықты. Алдағы уақытта бұл кітаптарды оқырмандарға кеңінен таныстырып, ұсынатын боламыз.

Кітапхана тарапынан мазмұнды да тәрбиелік мәні зор сұхбат үшін Қайырбай Төреғожа ағамызға алғысымызды білдіреміз.

Г.Апенова, орталық аудандық балалар кітапханасының жетекшісі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *