Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.

Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе,

Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.

Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,

Адам  боп,  өзін-өзі  меңгермесе,-  демекші  әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп  өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен,  ата-анасының  берген  тәрбиесімен,  жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір  сүре  бастайды.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың парызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті. Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік алдыңғы қатарлы мемелекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіс.

Г.Шакаримова, Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *