Жақсылықтың жанашыры болғандар

 

Редакциямызға Бурабай ауданы мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі, ұлтжанды азамат Қанат Байбуров хабарласты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген, ел ішіне кірген үрейлі дерт кезінде бір ауыз сөзімізді жерге қалдырмай, көпбалалы отбасыларға көмектесіп, қысқы отынын әзірлеп берді дейді.

Бурабайдың күнгей бетінен орын тепкен, қалың қазақтың түтіні шыққан ауылдың бірі — Мәдениет ауылы. Осы ауылда туып, осы ауылда орта білім алып, сосын Бурабай орман шаруашылығы колледжіне түсіп, ойдағыдай тәмамдап, туған елдің орманын көзінің қарашығындай сақтап жүрген азаматтың есімі Жанат Серікбаев, 1976 жылдың сәуір айында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Бүгінгі күні Ақылбай орманшаруашылығының орманшысы болып қызмет атқарып жүр. Өз ісінің кәсіби маманы, қандай тапсырма болса да мүлтіксіз орындайтын, құдай аты-уәдеге берік, сөзі ұстамды, табанының бүрі бар азаматтың айтуына қарағанда көпбалалы отбасыларға қолдан келген көмегімді аямаймын дейді. Азаматтың уәдеге беріктігі бізді қуантты. Пандемия кезінде азаматтық істі қолға алып, қолдан келген көмегін аямаған Жанат Серікбаевқа «Мейірім Бурабай» мүмкіндігі шектеулі қоғамдық бірлестігінің атынан алғысымызды айтқымыз келеді. Ер есімін осындай ерлігі шығарады деген атамыз қазақ. Жанат Серікбаев үлгілі әке, бес қыз өсіріп отыр, тіпті немере сүйіп, қазіргі күні ата болып отырғандығын да сүйіспеншілікпен айтқымыз келеді.

Қанат Байбуров

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *