«Nur Otan» қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс форматына өзгеріс енгізді

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі Сайлау туралы заңға сәйкес жұмыстың жаңа форматына көшті.

Сонымен, 2021 жылдың 11 қаңтарына дейін қоғамдық қабылдауларда депутаттар мен мемлекеттік орган басшыларының жеке қабылдауларын өткізу тоқтатылды. Адвокаттардың, заңгерлердің, нотариустар мен медиаторлардың консультацияларын өткізу де тоқтатыла тұрады. Партияның жедел желілері сайлау аяқталғанға дейін тек анықтамалық ақпарат береді.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 13 мыңнан  астам өтініш келіп түскен. Оның 71% оң шешімін тапты. 4 мыңға жуық адамға түсініктеме берілген.

Партияның баспасөз қызметі отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметінің» үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында осы қызметті басқару «Право» қоғамдық қорына берілгенін хабарлады.

«111 шұғыл қызметі» тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейді. Барлық өтініштердің құпиялығы сақталады.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *