«Қазақстандықтардың әмияндары» алаяқтық ресурстардың назарында

Мемлекеттік техникалық қызметінің KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Қазақстандық интернет сегментінде алаяқтық ресурстардың қалыпсыз өскені туралы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Интернет сегментін пайдаланушылардан алаяқтыққа ұқсайтын күдікті интернет-ресурстарды тексеру туралы өтініштер саны артты.

KZ-CERT қызметінің мамандары анықталған интернет-ресурстарға «Интернет сегментіндегі фишинг/алаяқтық» санатын берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін KZ-CERT қызметі электрондық сауда саласында деректердің таралып кету қаупі туралы ескерткен болатын. Сарапшылар ұсынымдар әзірледі, оларды ұстана отырып, қазақстандықтар өздерінің банк карталарының деректерін қорғай алады.

Егерде Сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбаны болсаңыз, біздің мамандарға тегін 1400 (тәулік бойы) нөмірі бойынша хабарлауды немесе мына http://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтеме бойынша өтінім жіберуді немесе incident@kz-cert.kz email-не  хат жіберуді сұраймыз.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *