Ағымдағы жылы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаевтың Бурабай ауданының 2020 жылғы тоғыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифингтегі баяндамасы

 

Ағымдағы уақыт ішінде Бурабай ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсудің оң үрдісі қамтамасыз етілді (өнеркәсіп — 101,1%, ауыл шаруашылығы — 111,8%, Инвестициялар — 105,6%, тұрғын үй құрылысы — 155,3%, орташа айлық жалақы 125%).

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 29,3 млрд.теңгені құрады (НКИ өткен жылдың деңгейіне 111,8%). Оның ішінде өсімдік шаруашылығы — 19,0 млрд.теңге (20%-ға өсті), мал шаруашылығы-10,3 млрд. теңге ( 1,2% — ға өсті).

2020 жылы 162,9 мың гектар (оның ішінде дәнді және дәнді — бұршақты дақылдар — 121,2 мың га, майлы дақылдар — 25,2 мың га, шөптер-11,7 мың га) егілді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, 191,9 мың тонна астық жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға, орташа өнімділік гектарына 15,8 центнерді құрайды (бункерлік салмақта).

Мемлекет өсімдік шаруашылығын дамытуға жалпы сомасы 307 млн.теңгеге субсидия түрінде қаржылық қолдау көрсетті, оның ішінде гербицидтер (255,1 млн. теңге), минералды тыңайтқыштар (51,9 млн. теңге) сатып алуға жұмсалды.

Мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Республикалық бюджеттен 155,6 млн. теңге сомасында субсидиялар бөлінді.

457 басқа арналған ет бағытындағы 8 ферма («ҚояндыАгро» ШҚ, А.Әбдірахманов ЖК, «Сенім 2019» ЖШС, Сайлаубек ЖК, «Құлагер» ШҚ, «Бастау» ШҚ, «Аймақ Агро» ЖШС, «Журавлевка-1» ЖШС) және 62 басқа арналған 1 сүт-тауар фермасы («ҚояндыАгро»ШҚ) құрылды.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру барысында 48,9 млрд.теңге сомасына өнеркәсіптік өндіріс көлемі қамтамасыз етілді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі (НКИ) 101,1% — ды құрады.

Өндіріс көлемінің өсуі өңдеу өнеркәсібі өнімінің 15,4%-ға, оның ішінде металлургия өнеркәсібінде 19,4%-ға, тамақ өнімдерінің өндірісі 13%-дан астам ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жүргізілуде: -өнімділігі жылына 5 млн тоннаны құрайтын бастапқы кендердің алтын өндіру фабрикасын салу (RG Processing ЖШС). Онда 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады (іске қосу 2022 жылдың соңында жоспарланып отыр). Ағымдағы жылдың 10 айының ішінде негізгі капиталға 28,9 млрд.теңге сомасында (немесе 2019 жылға қарай 105,6%) инвестиция салынды. Жеке инвестициялар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,6%-ға ұлғайды (18,8 млрд.теңгеден 23,6 млрд.теңгеге дейін).

Тұрғын үй құрылысы инвестициясының көлемі 1,5 есе (2068,7 млн.теңге) өсті. 18 мың шаршы метрден астам баспанапайдалануға берілді, бұл 2019 жылдың осы кезеңінен 55,3% артық.

Жеке тұрғын үй құрылысына ынталандыру мақсатында, 4 көп пәтерлі (210 пәтер) үй салуға жобалық сметалық құжаттамалардың мемлекеттік сараптамалары әзірленді және алынды. Нұрлы жер мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6,9 млрд.теңгеге 8 жоба іске асырылуда, оның ішінде Щучинск қ. және Зеленый бор а. ЖТҚ учаскелеріне 266,7 млн.теңгеге (жалпы сметалық құны — 1,6 млрд.теңге) инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Сонымен ЖТҚ-на бөлінген 1 мың жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Щучинск-Бурабай курорттық аймағын әрі қарай дамыту мақсатында 2020 жылы 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жалғасты, оның ішінде жол, су құбырлары, канализация, тазалау құрылғыларының құрылысы. Жобалардың жалпы құны 22 млрд.теңгені құрайды. Бұл мақсаттарға жоғарыдағы бюджет есебінен 8,7 млрд.теңге бөлінді.

2020 жылы ЩБКА бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттен 4,5 млрд.теңге бөлінді.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі жолдарды жөндеу болып табылады.

Ағымдағы жылы Щучинск қаласының көше жолдары торабына жалпы көлемі 171,7 млн.теңгеге, ұзындығы 15,5 км. (13 көше) ағымдағы жөндеу жүргізілді. Щучинск-Николаевка жолының учаскесіне орташа жөндеу, Сарыбұлақ аулына дейінгі жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді. «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында Қызылағаш ауылының ішіндегі жолдарға 57,6 млн. теңге көлемінде орташа жөндеу жүргізілуде. Бурабай-Қатаркөл көлік жолына (20 км) 211,1 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. Бурабай кенті жол торабын дамыту құрылысы және қайта жөндеу (238,6 млн.теңге), Горный ықшамауданындағы жаңа мектепке келетін жолдың құрылысы (65,7 млн.теңге) жүргізілуде.

Сол арқылы жақсы жолдардың деңгейі бойынша көрсеткіш 2019 жылдағы 42,5%-дан 44% дейін өскені көрінді.

Аудан экономикасының басым бағыттарының бірі туризмді дамыту болып табылады.

Туристік қызмет инфрақұрылымына 13 мыңнан астам орындық 178 нысан кіреді.

Көрсетілетін қызметтер сапасын көтеру мақсатында орналастыру нысандары санат беру бойынша белсенді жұмыстар жүргізеді. Бүгінгі таңда Бурабай ауданының аумағында 22 нысанның санаттылық сертификаты бар.

Ағымдағы жылы жалпы құны 1,5 млрд. теңгеден жоғары 5 жаңа туристік нысан пайдалануға енгізілді (спорт базасы және Орленок ЖШС аквапаркі, DI-Group ЖШС көпқызметті кешені, Береке Бурабай ЖШС сауда-ойын-сауық орталығы, Інжу отелі маңындағы Береке Бурабай ЖШС аквапаркі, шолу дөңгелегі, сондай-ақ ойын-сауық және қосымша нысандар, «Бурабай даму» ЖШС визит-орталығы).

«Жеке-Батыр» (1,5 млрд. теңге), «Ак жиек» (1,5 млрд. тенге) шипажайларын қайта жөндеу жүргізілуде, жалпы сомасы 3,0 млрд.теңге.

9 туристік нысанның құрылысы жалғасуда, оның ішінде 3 қонақүй кешені, ағымдағы жылының инвестиция сомасы 8,9 млрд.теңгені құрайды (оның ішінде ЖШС «Бидай индустриясы-Астана» отелі — 2,0 млрд.теңге; «AQBURA resort» кешені — 2 млрд.теңге; Абылайхан саябағы — 4,2 млрд.теңге).

 

Ірі жобалардың жүзеге асуы ЩБКА-ның дамуына, оның ішінде «Ақ Бура» жаңа курорттық аймағының, Бурабай кентіндегі әлеуметтік-мәдени, сауда-ойын-сауық, спорттық-сауықтыру және тұратын жері бар серуендеу аймағы нысандары енетін көпқызметті кешеннің құрылысы үлкен серпін береді.

Туристерді тарту үшін Бурабай кенті әкімінің аппаратымен Бурабай кентін абаттандыру шеңберінде айналма жол айрығында МАФ орнату және «Ақжол», «BURABAY WELCOME»деген жазу арқылы ландшафтық безендіру жүргізілді. Кенттің орталық алаңын абаттандыру («Перлог» және 3 әткеншек қою) және 4-линия көшесіне декоративтік безендіру жүргізілді.

Туристерді тарту үшін Бурабай кенті әкімінің аппаратымен Бурабай кентін абаттандыру шеңберінде айналма жол айрығында МАФ орнату және «Ақжол», «BURABAY WELCOME»деген жазу арқылы ландшафтық безендіру жүргізілді. Кенттің орталық алаңын абаттандыру («Перлог» және 3 әткеншек қою) және 4-линия көшесіне декоративтік безендіру жүргізілді. Советская көшесі 20 мекенжайы бойынша спорт алаңын қою, Жұмабаев көшесі 10 мекенжайы бойынша спорт алаңы мен жаттығу алаңы орнату, Бурабай кентінде қоқыс алаңдарын орнату және кенттік жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бес бағыт («Кенесары үңгірі», «Ыбырай ізі», «Табиғат қонағында», «Оқжетпес жартасы», «Көкше тауы») абаттандырылды. Бағыттар туралы үш тілде ақпарат стендтер, қашықтық белгілерімен қозғалыс бағытының көрсеткіштері орнатылды.

Щучье, Бурабай көлдерінің бойымен Ракушкаға дейін карт — сызбалар орнатылған (жаяу жүргіншілер жолы 27,6 шақырым, велосипед жолдары 28 шақырым), жаяу және велосипед жолы жұмыс істейді.

Бурабай кентінің аумағында жазғы кезеңде 9-дан астам қайықты жалға беру пункттері жұмыс істейді. (Голубой залив, Нестерук ЖК, «Бурабай Даму» ЖШС, «Глобус»ТФ).

Аудан экономикасының негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда 4985 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі (86,3%) өсті.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында мемлекет маңызды қаржылық қолдау көрсетті. Іске асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы — 2020» аясында ағымдағы жылы 21 жоба қолдау тапты. «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 301,4 млн.теңгеге 8 жоба мақұлданды.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы бойынша 301,4 млн.теңгеге 8 жоба мақұлданды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында 38 адам 162,8 млн. теңге сомасына шағын несие, 45 адам 7,9 млн.теңге сомасына бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар алды.

Әкімдік жұмысында әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Ауданның барлық мектептері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына көшті.

Аудандық бюджет есебінен оқушылар тегін оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Оқушыларды тасымалдау сапасын жақсарту үшін 1 автобус ( ITлицей № 11) сатып алынды.

Барлық мектептер кең жолақты Интернетке қосылған (42 мектеп). Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасы 98,1 млн.теңгеге нығайтылды (7 мектепке химия, биология, физика, робототехника, информатика, лингафонды-мультимедиялық кабинет, бағдарламалық-аппараттық кешендердің 5 жиынтығы, 156 компьютер, 21 ноутбук, 20 планшет, жиһаз сатып алынды).

2,6 млн. теңге сомасына бейнебақылау орнатылды. Сонымен қатар, білім беру нысандарын жөндеуге 72,9 млн.теңге бағытталды (оның ішінде Қызылағаш ауылының Абылайхан атындағы орта мектептің шатырын қайта жөндеуге (52,4 млн.теңге), С.Сейфуллин атындағы орта мектеп шатырының су ағар жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары (5,0 млн.теңге), Щучинск қ.№2 ОМ шатырына ағымдағы жөндеу (0,8 млн. теңге) сондай-ақ, Щучинск қ.№2 ОМ кәріз жүйесін (1,3 млн. теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100% құрады.

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатындардың саны артып келеді. Осы кезеңге дейін ауданда 40 спорттық іс-шара өткізілді.

Мәдени бос уақытты ұйымдастыру үшін 34 кітапхана, 9 клуб мекемелері жұмыс істейді. Ағымдағы жылы «Оқжетпес» МҮ бойынша 35,1 млн.теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 42,1 млн. теңгеге шатырына қайта жаңарту жүргізілді.

Халықты әлеуметтік қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1482 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл жүгінгендердің 83,2% құрайды.»Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен екі мыңға жуық адам қамтылды. Өткен кезеңде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2% (209 адам) құрады. Пандемияға байланысты карантиндік шаралар кезеңінде 15414 адамға 88,9 млн.теңгеге азық-түлік жиынтығы (2 АЕК-5556 теңге), 3016 адамға 90,5 млн. теңгеге коммуналдық қызметтерді өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында аудан аумағында 6,1 млрд. теңге сомасына 53 жоба іске асырылуда, оның ішінде облыстық деңгейдегі 15 жоба (0,9 млрд.теңге) және аудандық деңгейдегі 38 жоба (5,2 млрд. теңге). Жалпы жоспар бойынша 1496 жұмыс орны құрылды, 1733 (115,8%), оның ішінде ХҚКО арқылы 748, 823 орын (110,0%) құрылды.

Осы жыл індетке байланысты бәрімізге оңай болған жоқ. Ауданда коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар күшейтілген шаралар жүргізілуде. Аудандық медициналық ұйымдар коронавирустық инфекцияны бақылау және алдын алу шараларын өткізуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күшейтілді.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері 323 зертханалық расталған COVID-19 жағдайы тіркелді, оның ішінде 144 ауру белгілері бар жағдай, 179 ауру симптомсыз вирус тасымалдаушылар. 323 жағдайдың 65% қалалық тұрғындарда (215 адам), 30% ауыл тұрғындарында (93 адам), 5,0% маусымдық жұмыстарға уақытша келген, Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан (15 адам).

28.08.2020 — 03.2020 аралығында КВИ аурушаңдығы тіркелмегенін және сол кездегі 270 жағдайды құрағанын айта кету керек.

Ағымдағы жылдың қазан айынан Бурабай ауданының аумағында халық арасында коронавирустық инфекциямен аурушаңдық тұрғысынан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады.

Аудан тұрғындар арасында КВИ ауруын қайта тіркеу 03.10.2020 жылы басталды, және 10.11.2020 ж. зертханалық расталған КВИ жағдайларының саны 58 құрады, оның ішінде 2 науқас басқа қаладан. 01.11.2020ж. — 10.11.2020ж. аралығында ауданда КВИ-дің 29 жағдайы тіркелді, яғни күніне 1-ден 4-ке дейін жағдайлар тіркеледі.

Аудан бойынша барлығы 51 өлім тіркелді, оның ішінде 12 өлім COVID-19 расталды, 39 өлім вирустық пневмониядан, КВИ.?

Анықтамалық Бурабай ауданының аумағында 2 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істеп жатыр: 100 орын «Көкше» ОСО базасында, 63 науқас 10.11.2020ж. бастап стационарда емделуде, оның 53 науқасы «Семізбай» кенішінің жұмысшылары және 58 орындық «Бурабай» БОСО базасында, 25 науқас емделуде.

COVID-19 тіркелген әрбір жағдайы бойынша жұқтыру себептерін, мән-жайларын анықтау, байланыс шеңберін, ошақ шекарасын шектеу мақсатында эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Ауруды тіркеу басталғаннан бері 348 коронавирустық инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Ауданның мониторингтік топтары күн сайын ҚР және Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына, коммуналдық шаруашылық объектілеріне (монша, сауна және т.б.), дәріханаларға, туристік нысандарға күн сайын рейдтік тексерулер жүргізеді — ____ тексеру.

2020 жылдың 10 айының ішінде басқарма мамандары жалпы сомасы 13 млн 169 мың 225 теңгені құрайтын 80 әкімшілік айыппұлдар салды (425-баптың 1-т. белгілер бойынша), оның ішінде 5 833 800 теңгеге шектеу және карантиндік шаралар режимін бұзғаны үшін — 67 әкімшілік айыппұлдар, оның ішінде Бурабай аудандық полиция бөлімінен жолданған әкімшілік материалдары негізінде 3 926 200 теңге көлемінде 36 әкімшілік айыппұл салынды.

Жалпы осы брифингтегі БАҚ өкілдері Әсет Азаматұлына, ауданымыздың дамуы жөнінде бірқатар сауалдар жолдап, тұщымды жауаптар қайтарылғаның еске салғымыз келеді.

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *