ДДСҰ басшысы: Коронавирусты толық жеңу үшін тек вакцина егу жеткіліксіз

 

ҚазАқпарат — Коронавирус пандемиясын тоқтату үшін тек қана вакцинаның болуы жеткіліксіз. Сақтық шаралары, жаппай тестілеу, сондай-ақ ауруға шалдыққандармен байланыста болған адамдарды бақылап отыру әлі де қажет. Бұл туралы Moderna компаниясы шығарған вакцинаның тиімділігі туралы ақпарат беру барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат news.un.org сайтына сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні БАҚ-та Американың Moderna компаниясының сарапшылары жасап шығарған вакцинаны клиникалық сынақтан өткізудің үшінші, яғни соңғы сатысының барысында оның тиімділігі 94,5 пайызды құрап отырғаны белгілі болды. Сынақтан өткізу кезінде коронавирусты 95 адам жұқтырған, соның ішінде 90 адам екпенің орнына плацебо алған. Аурудың ауыр формада өткен барлық 11 оқиғасы плацебо екпесі егілгендер тобында болған.

Еске сала кетсек, өткен аптада Pfizer компаниясы өз вакцинасының тиімділігі туралы мәлімдеген, ол бұл вакцинаны немістің BioNTech фирмасымен бірігіп шығарды.

Сондай-ақ, Д-р Тедрос клиникалық сынақтың аяқталып, вакцинаның нарықта пайда болуынан кейін де қолжетімсіз болатынын атап өтті.

«Ең басында ұсыныс шектеулі болады, алғашқы қатарда медициналық қызметкерлер, егде жастағы адамдар және қауіп тобына кіретін өзге де тұрғындар болады. Бұл өлім оқиғаларының саны қысқартып, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға септігін тигізеді. Бірақ, осыдан кейін вирустың таралуының бұдан да көп мүмкіндігі болады», — деді д-р Тедрос.

Ол ұйымның вакциналардың тиімдігі туралы жаңалықтарды «сақтық оптимизммен» қабылдап отырғанын және көптеген елдердегі жағдай әлі де ауыр екенін ұмытпауға шақырды.

«Біз кейбір елдерде ауру жұқтыру санының көбеюіне қатысты алаңдап отырмыз. Еуропада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада денсаулық сақтау жүйелері мен медициналық қызметкерлері өз мүмкіндіктерінің шамасынан тыс жұмыс істеуде», — деді д-р Тедрос.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *