Көзге көрінбейтін вирус

Ел шетінен кірген аурудың белең алғаны соншалықты, біраз жерді қамтыды. Қаншама жақсыларымыз дүние салды. Кімнің артық жаны бар дейсіз, дүние шіркіннің соны осы екен. Қазіргі күні мына ата көршіміз-Ресейде коронавирус ауруымен мыңдаған адам ауырып, тіпті ауруханаларында орын табылмай жатқанын оқып, зәреміз ұшып отырғандығы жасырын емес. Өткенде әлемжеліде орыс келіншегі тоқсан жастағы көршісін алып келіп, дәрігерлер орын таба алмай жатқандығын көріп, не болып барады мына өмір деп жағамызды ұстадық. Дәлізі де, бөлмесі де тұншығып, демігіп, ауа жұта алмай көркөкірек болып жатқан адамдарға лық толы. Екеуі де еңкілдеп жылап тұр. Солтүстік Қазақстан облысының ар жағында тиіп тұрған Омбы қаласындағы жағдай мүлдем қиындап кетті деген дереккөздері шығып жатыр.

Дәрігерлер бұл аурудың алғашқы белгілері жайлы, себеп-салдары туралы айтып, халыққа ұғындырды. Сипаты бөлек, басқа аурудан қарағанда айналаға аса қауіпті дертке емдеу жолы да айқындалды. «Мамандардың айтуынша жер бетіндегі халықтың үштен екісі осы вирусты жұқтырып, одан айығып кетпегенше, індетті бақылауға алу мүмкін емес»-деген жантүршігетін ақпарат елді кезіп жүр. Шынымен-ақ, батыс, Еуропа елдерінде бұл аурумен ауырғандардың саны артып, тіпті о дүниенің қақпасының алдынан қайтқандармен, соңғы демін ала-алмай тұншығып дүние салғандар қаншама. Бұл көзге көрінбейтін амалдап алдыңды орып кететін сиқырлы аурудың ем-домы табылғанымен халық, әсіресе біздің кеңқолтық қазекем ешқандай алаңдаудың негізін таппай, той-томалағын жасырын өткізіп жатыр. «Той-тондыныкі, ас-аттыныкі» ойын-тойға орын табылар, тек мына пәле аурудан толыққанды айығып, ел-жұрт есін жиып, басымыздан өтіп жатқан өтпелі кезеңді артқа тастап, бағытымызды түзеген соң барып, тойыңыз да, басқа да жиындарыңыз да өте жатар. Иә, ел есіне салып қояйық. «Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай бүгінде әлемде 3 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ, Испания және Италия елдерінде анықталған»-деп шетелдік БАҚ өкілдері дабыл қағуда. Бұл жай ауру емес, тағы қайталап айтайық. Адамның қаны ұйып, тамаққа тәбеті тартпай мең-зең күй кешіп, тіпті қызуы көтеріліп, ем қонбай қалған жағдайда дүние салатынын тағы да білеміз.

Пәлен айтыпты, Түген жазыпты деген құр айқай, бос сөзден гөрі нақты медицина саласының кәсіби мамандарының дереккөздеріне сүйеніп, аурудың таралмауына себепкер болайық. Көзге көрінбейтін вирус қай жағымыздан келетіні бір құдайға аян!..

Жеңіс Оспанов

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *