Бурабай ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

 Құрметті бурабайлықтар!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә Назарбаев — еліміздің тарихында ерекше еңбегімен бағаланған бірегей тұлға. Өзінің Отанына адал қызмет атқарып, жарқын болашақ жасап берген Елбасының еңбегін бүгінгі қазақстандықтар жақсы біледі.

Бүгінгі таңда мемлекетіміз қарқынды дамып, әлемдік саяси сахналардан айрықша орын алып, бейбітшілік пен тұрақтылық арқылы өркендеп, өсіп, жетіліп келе жатыр. Өзінің бірқалыпты экономикасымен бірге ғылым мен білімін, мәдениет саласын дамытып отырғандығы бәріне жақсы таныс. Тұңғыш Президентіміз өзінің сарабдал саясатының арқасында әлемдік түрлі қақтығыстарға араласып, оның әрі қарай өрбімеуіне ат салысып, ортақ келісімге келтіруге зор ықпал бола білген жан. Осындай данышпандығының арқасында, қандай бағыт алса да, оңынан шешім шығара білетін Нұрсұлтан Әбішұлының әлем алдында беделі де жоғары. Елбасының келісім мен бейбітшілікті мақсат еткен тұрақты саясаты арқылы біздің елімізде қазіргі күні ұлт пен ұлыстың баласы бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп, қарқынды даму үстінде.

Құрметті жерлестер! Айрықша мерекеде отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, жақсылық пен мейірімділік тілеймін.

Ортақ Отанымыз — Қазақстанымыз гүлденіп, нұрлы таңы жарқын болып, жайнап, жасарып, өсіп-өркендей берсін! Мереке құтты болсын!

Әсет Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *