Медиативтік тәртіппен реттеу

Талап қоюшы М.  өзінің жолдасы жауапкер К-нің өтінішімен 1 айдың ішінде қайтарып беру туралы шартпен өз атағына 150 000 теңге көлемінде қарыз ақша рәсімдеген. Аталған жәйт жауапкердің жазбаша қолхатымен расталады.

Жауапкер өзінің міндеттемесін орындамауына байланысты М. берешекті өндіру туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

Судьяның қатысуымен өткізілген татуласу рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дауды (жанжалды) медиативтік тәртіппен реттеу туралы келісімге келді. Оның   шарттарына сәйкес тараптар жауапкердің талап қоюшының алдындағы берешегін  165 000 теңге көлемінде анықтаған және жауапкер осы соманы 4 айдың ішінде өтеуге міндеттеме алған.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

А. Шаяхметова, Бурабай аудандық сотының бас маманы  

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *