Қоғам тәртібі үшін

 

Өткен жетіде аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әсет Мұздыбаевтың төрағалық етуімен арнайы жиын өтті.

Жиында ауданымыз бойынша          қоғамдық тәртіп мәселесі өрбіді.

Бурабай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Арман Тұрлыбеков сөз алып, соңғы тоғыз айда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Былтырғыға қарағанда биылғы құқық бұзушылардың саны едәуір азайған. Дегенмен де ішімдік ішіп, отбасының шырқын бұзушылардың көбейіп тұрғандығы жайлы кеңінен айтылды. Айықтырғыш жоқ. Қазіргі таңда бұл мәселе жайлы облыстық мәслихатқа хат жолдадық,-дейді ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары. Мүмкіндік болып жатса, естанды күйде келіп, отбасын ойрандап, тіпті қылмысқа баратындарға жаза жеңіл. Мас күйінде бөлімге алып келгенімізбен үш сағаттан артық ұстай алмаймыз. Себебі айықтырғыш жоқ, қоя береміз деп қынжылды.

Жиын барысында кадр мәселесі жайлы ауылдық учаскелік инспектордың жетіспей жатқандығы жайында да кеңінен талқыланып, аудан әкімі бұл мәселелерді ұзаққа создырмай бір жақты шешім шығарып, қоғам тәртібіне жауаптылықты арттыру керек деп жиынды түйіндеді.

 «Бурабай-ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *