«Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай карантин талаптарын сақтаумен тікелей байланысты» — А.Мусина

Ақмола облысындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, облыс «қызыл» аймаққа кірді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде @rsk_akmola өткен брифингте Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлімдеді.

23 қарашадағы жағдай бойынша облыста 4 692 науқас тіркелген, оның 4 160 сауығып шықты, бүгінде 209 ем қабылдауда. Ал соңғы тәулікте 68  СOVID-19 нәтижесі расталған жағдай тіркеліп отыр. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,5  есеге өскенін көрсетеді.

Айта кетейік, қараша айында Көкшетау, Степногорск қалаларында, Бурабай, Зеренді, Бұланды, Атбасар және Сандықтау аудандарында ең көп КВИ жағдайы анықталса, облыс орталығында ауруды жұқтырғандар саны өңірдегі жалпы аурулар санының 58% құраған.

«Адамдар ауруды қандай жағдайда көп жұқтырған?» деген сұраққа спикер: «Көп жағдайда тұрғындар қоғамдық көліктерді пайдаланады, сондай-ақ, сауда орталықтары мен базарда жүреді, отбасылық шаралар ұйымдастырады. Бүгінгі күні науқастардың басым бөлігін зейнеткерлер құрап отыр», — дейді.

Спикердің айтуынша, сырқаттанудың негізгі себебі – карантиндік шаралардың сақталмауынан. Эпидемиологиялық тергеу нәтижесінде тұрғындардың адамдар көп шоғырланатын жерге барулары, түрлі отбасылық шаралар ұйымдастыру, маска тағу режимін орындамау сынды жағдайлар кездеседі. Осыған орай, бүгінде карантиндік талаптарды қадағалау бойынша шаралар күшейтілген. Мобильдік топтар күн сайын мониторингтік жұмыстар жүргізуде.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *