Ұрымқайда Болашақ балабақшасы

 

Қазақтың қара сөзінің қас шебері жарықтық Биаға «ауыл гүлденсе-гүлденеміз бәріміз» деген.  Бір кездері тобығынан тайып қалған ауылдардың енді-енді бой көтеріп жатқандығына көңіліміз толып, «пәлі» дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

Өткен аптада тәуелсіздік мерекесіне орай Ұрымқай ауылының ортасынан ойып тұрып, жаңадан «Болашақ» балабақшасы ашылды. Балабақшада 2 бөлім жұмыс істейді. Қазіргі күні 45 бүлдіршін қабылданған, екі тілде тәрбиеленіп жатыр. Балабақшаның іші заманға сай қалыптасып, барлығы жабдықталған. Жиһаздары да жаңа.

Аудан басшысы Әсет Мұздыбаев аталмыш балабақшаны аралап көрді. Мектепалды даярлық сыныптарын ашып, ауылды дамытуға ат салысып жатқан «Болашақ» балабақшасының иелеріне алғысын айтты. Балабақша іші жарық әрі балалар үшін мол мүмкіндік қарастырылып, қауіпсіздігіне де жауаптылығының мол екендігі де егжей-тегжейлі баяндалды.

«Әлем математикасы» түрлі логикалық дамыту пәндері енгізілгенін балабақша ашып отырған Байғожина Гауһар Төлеуқызы әрбір елді-мекенде болашақ үшін осындай игілікті нысандар ашылып жатса, нұр үстіне нұр,-дейді өз сөзінде.

Аудан басшысы жаңадан ашылып отырған балабақшаға сыйлықтар табыстап, тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, кәсіпкерге тек қана сәттілік тіледі.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.