Барлық сұрақтардың шешімі табылады

 

«Nur Otan» партиясының Бурабай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өтті.

Аталмыш қабылдауды аудандық, облыстық, Парламент мәжіліс  депутаттығынан үміткерлер жүргізді.

Жалпы тұрғындар тарапынан түскен сауалдардың көпшілігі  жеке бастың шешімін таппай жүрген мәселер төңірегінде өрбіді. Бұның ішінде әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй мәселесі, ауыз су, жол төңірегінде қойылды.

Ауданымыз бойынша, аудан орталығы Щучинск қаласында көпқабатты үйлер салынып, алдымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедектер, көпбалалы отбасылар кезең-кезеңімен пәтерге қол жеткізді. Ауданымызға қарасты ауылдарда сапалы ауыз су тартылып, қазіргі күні біраз ауылдар сумен қамтамасыз болып отырғаны жайлы мағлұматтар берілді. Жол мәселесіне келетін болсақ аудан мен ауыл арасындағы қатынайтын жолдар тегістеліп, күрделі жөндеуден толыққанды өтіп жатқандығы да қабылдау барысында егжей-тегжейлі баяндалды. Сонымен қатар «Ауыл ел-бесігі» және «Құтты мекен» бағдарламасына сәйкес 2025 жылға дейін 7 мыңға дейінгі аралықтағы бурабайлық тұрғындарды сапалы өмір сүруіне жағдай жасалатынын, бұл бағдарламаны басты назарда «Nur Otan» партиясының қадағалап отыратындығы да айтылып өтті. Әсіресе, ауылдық елді-мекенде өмір сүріп жатқан адамдар үшін қолжетімді интернет мәселесі де назардан тыс қалмады. Кезең-кезеңімен жүйелі түрде жұмыс істеп, қазіргі таңда бұл мәселені де оңтайландырып шешіп жатыр.

Аудан орталығы туризм аймағы болып табылғандықтан сапалы жолдарды халық игілігіне беру «Nur Otan» партиясының басты бақылауында. Бүгінгі күні қала ішінде 84,8 км жол толыққанды жөнделіп, ел игіліне беріліп отыр.  Инфрақұрылымды одан әрі дамытып, сапалы өмір деңгейін жоғары дәрежеге жеткізіп, тиісті нәтижелерге қол жеткізу бүгінгі таңда партияның басты бағыты екендігі жайлы толыққанды қабылдауда айтылды.

Қабылдауға келіп, өздерін мазалап жүрген сауалдарға тұщымды жауаптар алып, алдағы кезеңде ел үшін қызмет атқаратын халық қалаулыларына толыққанды сенім білдіріп, нақты іспен игілікті шаруаның басы-қасынан табылатын партияға сенім білдіріп, алдағы 10 қаңтарда болатын сайлауда барлығы бір ауыздан батыл қадамға барып, көпшіліктің сенімінен шығып отырған нәтижелі істің партиясына дауыс беретіндіктерін айтып тарқасты.

Иә, қандай қиындық болса да, мақсат-мүддесі бір, ақылдасып шешімін шығарып, шаруаны бірігіп атқаратын «Nur Otan» партиясы елдің дамуына барынша күш салып, өрлеу жолына сүбелі еңбек етіп жатқан партияның бірі. Бұл партияға бурабайлық тұрғындар қашанда сеніммен қарайды, өйткені кез-келген істі нәтижелі шеше білетін партия екендігіне сенім зор.

 

Ақмола облысы Бурабай ауданының «Nur Otan»

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *