Батыл қадамдар ғана жеңіске жетелейді

 

Аудандық«Nur Otan»-партиясының атынан мәслихат депутаттығынан үміткер  Қуанышбек Шаяхметов пен Олжас Нұрмағамбетов жергілікті алғашқы партия өкілдерімен кездескенде «Nur Otan»-партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.

  • Қазіргі күні партиямыз ортақ диалог жұмысына көшіп, жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын қолға алып, халықтың әл-ауқатын көтеру жолында қарқынды жұмыстар атқарып жатыр. Жастарды қолдап оларды жергілікті мәслихат, облыстық мәслихатқа және Парламент мәжілісіне депутат қылуына барынша күш салып жатыр,-деді. Жиын барысында кездесушілердің тарапынан балалар үшін арнайы спорттық нысаналардың салынуы жөнінде сауалдар жолданды.
  • Жалпы Щучинск қаласында білім ордаларында денешынықтыру залдары жабдықталып жастарды көптеп салауатты өмір салтына тартып жатыр. Сонымен қатар, бірқатар ауылдарда да спортпен шұғылданамын дегендерге қолайлы жағдайлар жасалынған,-деп жауап берді аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Олжас Нұрғамбетов.

Жиын барысында кандитаттар сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып алдағы кезеңде атқаратын жұмыстары жайында да жіктеп,жіліктеп атап өтті. Қазақстан қандай қиындық болса да,  тығырықтан шығу жолын қарастырып, әлемде болып жатқан күрделі көріністерді, елімізде болдырмау жолында түрлі бағдарламалар қабылдап,халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жаңадан жұмыс көздерін ашуға мұрындық болып, игілікті істер атқарып жатыр деді. Әрбір азаматтың берген дауысы еліміз үшін маңызды 10 қаңтар күні нақты қадам, батыл шешім шығары, көпшіліктің қолдауына ие болып отырған «Nur Otan»-партиясына дауыс беріңіздер,-деді Қуанышбек Шаяхметов.

 

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan»

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *