Бурабай аудандық сотының 2020 жылдың 12 айындағы жұмыс қорытындысы

 

2020 жылдың 12 айында Бурабай аудандық сотымен 141 қылмыстық іс, 1185 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс және 1013 азаматтық істер қаралған.

Қылмыстық істер бойынша 125 адам әр түрлі жаза шарасына сотталған, оның ішінде:

  • 45 адам бас бостандығынан айырлған;
  • 71 адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған;
  • 4 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған;
  • 2 адамға айыппұл салынды;
  • 2 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды;
  • 1 кәлеметке толмаған адамға тәрбиелік сипаттағы шаралар қолданылды.

22 қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды, оның ішінде 18 қылмыстық іс бойынша тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды. 55 қылмыстық іс электрондық форматта қаралды.

Қаралған әкімшілік істер бойынша 917 адам келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған:

  • 80 адамға ескерту жасалды;
  • 538 адамға әкiмшiлiк айыппұл салынды;
  • 279 адам әкімшілік қамаққа алынды;
  • 20 адам арнайы құқықтан айыру жазалары тағайындалды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайларына байланысты 268 құқық бұзушылар әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған.

Жалпы қаралған азаматтық істерден 577 іс шешім шығаруымен қаралды, оның ішінде 518 талап арызды қанағаттандыру туралы және 59 талап қою талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер шығарылған. Бұйрықтық өндіріс тәртібімен 145 іс қаралған, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен 128 азаматтық іс қаралды, 195 іс бойынша іс жүргізуі өндірісі қысқартылған.

2020 жылдың 12 айында Бурабай аудандық сотымен 409 сот істері медиация тәртібімен қаралған, сот процессінің тараптарына 1 301 994  тенге төленген баж сомасы қайтарылды.

Мемлекеттік тілде 142 сот ісі және 10 материал қаралды, оның ішінде 102 сот ісі мен материалдары бойынша сот өндірісінің тілі орыс тілінен мемлекеттік тілге өзгертілді.

 

Қ.Хасенов, Бурабай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *