Бюллентенде екінші, өмірде бірінші «Nur Otan» партиясына дауыс беремін!

 

Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап, еліміздің алдында бірнеше ауыр міндеттер тұрды. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының тұтастығын реттеу мәселесі болды. Көрші мемлекеттермен 14 мың шақырымға жуық құрлықтық шекарасы  бар тәуелсіз жас Қазақстан мемлекеті алдында халықаралық құқық негізінде Қытай, Қырғызстан, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстан мемлекеттерімен аумақтық — шекаралық мәселелерді заңды шешу міндеті тұрды.

Бұл посткеңестік кеңістіктегі аумақтық-шекаралық проблемалар жаңа тәуелсіз мемлекеттерге бұрынғы КСРО-дан мұра болып жетті, ал оның тарихи тамырлары ғасырлар қойнауында жатыр. Нәтижесінде, 1991 жылы КСРО ыдыраған кезде Орталық Азиядағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің шекаралары халықтардың этникалық қоныстану аумақтарымен сәйкес келмеді. Оның үстіне аймақтағы жағдай Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараларды делимитация және шегендеу жүргізілмегендігімен күрделене түсті. Бұл шекаралар мемлекеттік емес, аумақтық-әкімшілік шекаралар болды. Сондықтан да кез-келген мемлекет теориялық тұрғыдан іргелес мемлекет аумағының кез келген бөлігіне өз талаптары мен құқықтарын өзіне ыңғайлы уақытта жариялайтын еді.

1992 жылдан бастап Қазақстан шекара мәселесімен айналысатын өз делегациясының құрамын бекітіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және еліміздің дипломаттарының біліктілігі мен іскерлігінің арқасында Қазақстан 1992-2006 жылдар аралығында алып Ресей, Қытай және Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерімен мемлекеттік шекарасын барлық периметрі мен өлшемдері бойынша нақтылап алуға қол жеткізді. Бұл шынында да нағыз тарихи жетістік еді. Бұл тарихи оқиғаны әлі де ой-елегімізден өткізіп, бағалай білуіміз керек. Еліміз тұтас, шекарамыз берік болсын! Елдігіміздің құндылықтарын аялап қастерлейтін жас ұрпақ өссін!!!

Еліміздің, шекарамыздың тұтастығына дауыс беремін!!!

Марат Сырлыбаев, Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры

 

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *