Жақсы жағдай жасау біздің қолымызда

2021 жылдың 5 қаңтарында «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Безвербный Бурабай аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады және «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде жұмысқа орналасу, пандемия кезеңінде халықты әлеуметтік қолдау, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да көптеген мәселелермен ауданымыздың тұрғындары жүгінді.

Ақмола облысында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты көмек көрсетілді деп жауап берді:

— мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлерге 42500 теңгеден төленді (2133 адам);

— Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 3201 адам жалпы сомасы 83 000 190 теңгеге азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алғаны жайлы айтылды;

— Жұмыссыздар санаты бойынша есепте тұрған 199 азаматқа 1 105 644 теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілгені туралы мәлімет берілді;

— 208 жұмыссыз ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды;

— ЖОО және ОАОО-ның 49 түлегі «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасуға жіберілді»;

— 42 жұмыссыз жалақыны 35% субсидиялай отырып, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді;

— 318 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Елбасы бастамашы болған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 4837-ден астам отбасына азық-түлік себетін жеткізді, 1400-ден астам адам 50 000 теңгеден алды.

Бурабай кентінің көшелерінде жарықтандырудың жоқтығы туралы мәселе де айтылды, бұл мәселені мен өз бақылауыма аламын деп сендірді.

Барлық тұрғындар жауаптар мен түсініктемелер алды, сондай-ақ міндетті түрде сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы үшін дауыс бер, «Бюллетеньдегі екінші! Өмірде бірінші!

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *