Мақсат ел тілегін орындау

«Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінен үміткер Көкшетау қаласындағы А. Мырзахметов атындағы университеттін ректоры Мәди Сағынтайұлы Елубаев, Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжге келіп партияның арнайы жобасы канвассинг өткізіп, өлкемізге есімі танымал, мәдениет саласында отыз бес жылдан артық қызмет атқарып келе жатқан, жергілікті «Көкше әуендері» фольклорлық ансамбльін ашуға мұрындық болып жетекшілік қызмет атқарған Нұрлыбек Байшұңғұловпен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, пікірімен бөлісті.

Президенттіміздің бастасымен билікке айтар ойы бар, салмақты пікірі бар жастардың көптеп келуі әрине көңілге қуаныш ұялатады,-деді Нұрлыбек Сағындықұлы. Нақты батыл қадамға барып, нық шешім шығарып, елдің өрлеу жолына сүбелі үлес қосып жатқан «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беріп, аға буын ретінде жастарды қолдайтындығын айтып батасын беріп, арқаны әні, оның ішінде атақты Біржан сал бабамыздың әнінен қонақ кәде жасап, Мәди Сағынтайұлына ақжол, сәт-сапар тіледі.

Мәди Сағынтайұлы алдағы кезеңде ел ішіндегі түйткілді мәселелерді біржақты қылып шешіп, халықтың алғысына бөленіп, гүлденіп, көркейіп жатқан елімізді одан әрі жандандыруға күш-жігерін аямайтындығын айтып пайымды пікірін ортаға салды.

Келесі канвассинг Щучинск қаласының байырғы тұрғыны «Асыл әжелер» вокальдық ансамбльнің мүшесі, Қатия Шайсұлтановамен өткізіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып сұхбаттасты. Сұхбат барысында бүгінгі күні батыл шешімдер, нақты жобаларды қолға алып, бағыты мол бағдарламалармен жұмыс істеп жатқан «Nur Otan» партиясының алдағы сайлауда жеңіске жетіп жатса, елдің экономикалық тұрғыдан, одан әрі өрлеп, дамуына себепкер болатындығын айтып өтті. Аға буын қашан да жастарды қолдап, білген, көргенімен бөлісіп отыратындығы жасырын емес, сондықтан жеткен жетістігіміз, жасап жатқан ісіміздің барлығы ертеңгі танымдық тарих, айтарлық тәлім,-деді Мәди Сағынтайұлы.

Қатия Шайсұлтанова, «Nur Otan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Парламент мәжіліс депутаттығынан үміткер азаматқа алдағы бақ пен бап бәйгеге түсетін кезеңде жеңіске жетуіне тілектестік білдіріп, батыл қадам жасай алатын «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндігін айтып жеткізді.

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *