Өңірлерде бақылаушыларды, сайлау комиссияларының мүшелерін және сенім білдірілген адамдарды тегін ПТР-тестілеу үшін қажетті тестілер қоры мен зертханалар қуаты қарастырылған

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, өткен жылы вирусты зертханалық диагностикалау бойынша  мүмкіндіктеріміз  едәуір  артты.

Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғалы ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу сәуір айында тәулігіне жалпы қуаты 6000 тест болатын 19 зертханада жүргізілді, ал бүгінгі күні КВИ диагностикасын тәулігіне жалпы қуаты 100 мың зерттеуді құрайтын 132 зертхана мен 48 биологиялық материал алу пункті жүзеге асырады.

«Бүгінгі таңда 5 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, күн сайын зертханалармен 40 мыңға дейін тест жүргізіледі. Осылайша, зертханалардың резервтік қуаты 60 мың зерттеуді құрайды, қазіргі уақытта бұл қуат сайлау қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылады», — деп толықтырды  А.Есмағамбетова.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *