Ел сенімін ақтау

Әрдайым халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысқан, билік пен халық арасындағы алтын көпір «Nur Otan» нақты нәтиженің, айқын істің партиясы атанып, елдің көңілінен шығып келеді. «Nur Otan» партиясының азаматтық қоғамдағы орны бөлек екені бәрімізге аян. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады»,-дейді халық даналығы. Бағымыздың тұрақты, күніміздің шуақты болуы үшін елімізді қуатты ету баршаға ортақ парыз.

Басты мақсат – елімізде жүзеге асып жатқан барлық мемлекеттік бағдарламаларға партиялық бақылауды күшейту. Осы орайда, партия идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық және жастар мәселесі бағыттары бойынша бірнеше жобамен жұмыс жүргізіп келеді.  «Nur Otan» — саяси күш, жұртшылықтың жоғын жоқтайтын халықтық партия.

Елбасы төрағалық ететін партияның ең басты мақсаты – ел Тәуелсіздігінің тірегі болу, ел еркіндігін нығайта түсуге күш салу болып табылады. Өйткені, жарқын болашаққа жол бастаған «Nur Otan» — бүгін де халықтың қамын, жастардың болашағын әріден ойлаған жетекші партия.

Құрметті сайлаушылар, партияның алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, ел үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс бер!

Өтелбай БЕЙСЕНОВ, Бурабай аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының саяси кеңесі бюросының мүшесі, Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *