Cайлау өтетін күн жақын қалды!

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің есімдері белгілі қазір. Үгіт жұмыстары да белсенді жүріп жатыр.

Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс өткен ХХ1 сьезінде халыққа өз сөзін арнаған болатын. Тәуелсіз Қазақстанның тағдыры мен тарихы Елбасының тағдыры мен тарихы болып қалыптасты. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз бен табыстарымыз өздігінен келген жоқтығын Елбасы орынды айтқан еді. Бұл-тарихи ақиқат! Олай болса, тәуелсіздік біздің ата-бабаларымыздың аңсарлы арман-мүддесі болса, енді сол тәуелсіздікті бүгінгі және келер ұрпақ қастерлеп, жоғары бағалауға тиісті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бар байлығымыз да, бағымыз да -Тәуелсіздік!» деген болатын! Бұл-ұлы сөз! Біз қолдағы бар тәуелсіздігіміздің және оның игіліктерін бағалай білуге тиістіміз.

Егер біз өз еліміздің тәуелсіздігі баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын десек, алдағы сайлауды жоғары деңгейде өткізуге тиістіміз.

Қазір өңеш жыртып негізсіз қиқу салып жүргендер де жетерлік. Оларды тыңдасаң, «Nur-Otan» партиясына күйе жағып, өз партияларын айқайлап аспандатып жүр, Апыр-ай, сол партиялар осы сайлауға дейін қайда болған, қайда жүрген?

Кәне, ақиқатын айтайықшы, қазір халық бір ғана партияны —«Nur-Otan» партиясын ғана біледі ғой! «Nur-Otan» партиясы

нағыз әрі шынайы халықтық партияға айналғалы қашан! Тұрмыстан қиналып жүргендер, бір баспанаға, емделуге зәрулер, тіпті әділдік іздегендер де осы «Nur-Otan» партиясына келіп, жәрдем сұрағандарын, сұрайтындықтарын ешкім де жоққа шығара алмайды.»Nur-Otan» партиясының есігі күні-түні кез- келген жан үшін ашық тұратындығын да білеміз,

Тәуелсіздік жылдары көп игіліктерге қол жетті. Қазақстанның табысына әлем сүйсінді! Міне, осы жетістіктердің барлығы да «Nur-Otan» партиясының басшылығымен мүмкін болды.

«Nur-Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында нақтылы мақсаттар көзделіп, нақтылы міндеттер белгіленіп отыр. Бұл мақсаттар мен міндеттердің барлығы да сайлаушылардың ұсыныстары мен тілек, аманаттары. Осы халықтық бағдарлама сьезде қаралып, жұмыстың бағыты айқындалып, қаржыландыру мәселесі шешілді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев партияның сайлауалды бағдарламасы туралы өз сөзін айтты.

Партияның бағдарламасы әркімнің көңілінен шыққаны анық. Халқымыздың жарқын болашаққа деген сенімін нығайта түсті.

Әрине, әркімнің өз пікірі бар. Әркімнің өз мәселесі де бар.Біздің қоғамның да кем түсіп жатқан тұстары да бар. Кез-келген мемлекетте де кемшіліктер болмай тұрмайды, Партия солардың бәрін де біледі. Сондықтан да орын алып отырған сол кемшіліктердің барлығын да партия бірлесіп шешуге шақырып, сол кемшіліктерді жоюға да нақтылы қадамдар жасап отыр.

Біз үшін өз мемлекетіміздің Тәуелсіздігі және оның бүгіні мен келешегі бәрінен де қымбат! Олай болса еліміздегі тыныштықтың шырқын бұзуға ешкімнің де хұқы жоқ. Халқымыздың ынтымақ, бірлігі берік болсын әрдәйім!

Қазақстан халқын алға бастайтын, жаңа жетістіктер мен биіктерге жеткізетін»Nur-Otan» партиясы үшін алдағы сайлауда біз өз дауысымызды береміз!

Біздің дұрыс таңдау жасауымыз-өз еліміздің тұрақты дамуының кепілі!

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *