«Nur Otan» партиясының нақты қадамы

«Nur Otan» партиясы аса назар аударып, жіті бақылауында ұстаған бағытының бірі білім саласы.

Бұл жылдары 3 жастан 6 жас аралығындағы мектепалды даярлық сыныбының балаларының дайындайтын тәрбиешілер мен орта білім беретін ұстаздарды заман талабына сай компютерь, ноутбугпен қамтамасыз етіп, білім көкжиегіне емін-еркін кіріп,  өздері дәріс беріп жатқан  оқушылардың уақыт талабына сай білім алуды қамтамасыз қылу біздің партияның басты бағытының бірі екендігін кеңінен талдап, талқылап егжей-тегжейлі айтылып өтті. Физика, химия, биология сыңды сыныптарды уақыт кезеңіне сәйкестендіріп, жабдықтауды да қолға алып, оны одан әрі дамыту жолға қойылған. Сонымен қатар оқу бітіріп мамандығына сәйкес жұмыс таба алмай жүрген жас кадрларды жұмысқа орналастыру басты бағытымыздың бірі болып табылады.

Бұл жөнінде ауданымызда кеңінен жұмыстар атқарылып ауқымды іс-шаралар аталып өтіп, жауапгершілік жайында кеңінен әңгімелер айтылып жатқаны жайлы молынан мағлұматтар берілді.  Партияның «Білім» жобасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары кезінде аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Әлімжан Рахымжанов баяндап берді. Сонымен қатар, ұстаздар қауымымен кездескен сәтінде бүгінгі білім саласының жетістіктері де кеңінен талқыланып айтылды. Ұстаздар алдағы сайлауда нақты батыл қадамға барып, нық шешім шығара алатын  «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтып, кандитатты қолдады. Сонымен қатар, еліміздің дамушы рөлі ретінде ауқымды шаралар, нақты істерді қолға алып, жүйелі түрде жұмыстар атқарып келе жатқан Ұлттық компания «Қазақстан теміржолына» қарасты, Бурабай Курорттық рельсті дәнекерлеу мекемесіне барып жұмысшылармен кездесіп, жүздесті. 340 адамды ауданымыз бойынша жұмыспен қамтып отырған ірі мекеменің бірі, еліміз бойынша ең ірі өндірістік релістерді шығарып отырған зауыттың аяқ алысы жаман емес. Үгіт-насихат жұмысымен барған Әлімжан Нұрсұлтанұлы теміржолшылармен кездескен сәтінде «Nur Otan» партиясының атқарып отырған жұмыстары жайлы кеңінен айтып, өз ойын ортаға салып пысықтады. Қоғамдық келісім арқылы ортақ диалог тауып өзінің экономикалық тұрақтылығын сақтап, нық қадамға барып, партияның жетекшісі елбасымыздың стратегиялық нақты  бағыты 100 нақты қадам арқылы кезең-кезеңімен дамып, өрлеу сатысынан табылып отырған «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарын мол мәліметтермен көпшілікке түсіндірді.

Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттығынан үміткерге сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар қайтарылып  алда келе жатқан 10 қаңтарда болатын сайлауда барлығы бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін айтып, партияны қолдады.

Ақмола облысы, Бурабай ауданының «Nur Otan»

партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *