«Бір ел – бір кітап» акциясы 

«Өнер білім – бәрі де оқуменен табылған»

Ыбырай Алтынсарин

Кітап — адамзат баласының баға жетпес рухани құндылығы. Электронды дәуір ағымына қарамастан, кітаптың орнын ештеңе де алмастыра алмас. Дәл осы мақсатта кітап оқу, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, халқымыздың әдеби мұрасын зерттеп, рухани мұраны сақтау аясында Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің қолдауымен  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастау алған болатын.

Биыл, яғни 2021 жыл — Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай әр жанрдан 30 кітап таңдалды. Оның ішінде балалар әдебиеті: Ы.Алтынсарин «Өнер – білім бар жұрттар», Б. Соқпақпаев «Жекпе — жек», Толымбек Әбдірайым  «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева, Лилия Калаус «Алтын тостағанды іздеу», Марат Қабанбаев «Жиһангез тити», Мәди Айымбетов «Бар болғаны өн төрт жас».

Осы орайда,  Бурабай ауданының «Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің орталық аудандық балалар кітапханасы да акция бойынша бірнеше іс шараларды өткізетін болады. Атап айтсақ, «Ұлы даланың ұлы ұстазы» Ы. Алтынсариннің «Өнер – білім бар жұрттар» кітабы бойынша онлайн оқуы, «Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақпаев» «Жекпе — жек» повесі бойынша  оқу марафоны, «Балалар әдебиетінің жұлдызы» Т.Әбдірайымнің «Алабұға аулаған күн» кітабы бойынша онлайн сұхбаты, «Балаларға тарту» Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустың «Алтын тостағанды іздеу» повесін онлайн отбасылық оқуы және т.б. іс шаралар жоспарлануда.

Құрметті оқырмандар, кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Сондықтан сол киелі шаңыраққа келіп, жыл кітаптарын оқуға шақырамыз.

 

Н.Дулатова, Бурабай ауданының ОКЖ — нің ОАБК кітапханашысы

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.