Мәслихаттың сессиясы

Өткен аптада VII шақырылған Бурабай аудандық мәслихатының бірінші сессиясы өтті.

Сессия барысында аудандық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттарына белгілер мен куәліктер табыс етіліп, VII шақырылымдағы Бурабай аудандық мәслихатына сайлау қорытындылары туралы ақпараты тыңдалды, сонымен қатар депутаттық фракция тіркеліп, аудандық мәслихаттың хатшысы болып М.Б Нұрпанова сайланды, сондай-ақ тұрақты комиссиялар құрылып, олардың құрамдары мен төрағалары бекітілді, соңында мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы сайланды.

Әр партиядан түскен депутаттар бұдан былай еліміздің дамуы үшін ат салысып, ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосатындықтарын айтып жеткізді. Істеріңізге сәттілік тілейміз. Жұмыстарыңыз жемісті болып еліміздің дамуына күш салыса беріңіздер.

Шолушы назарынан

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.