«Парасат жолы» орталығы ашылды

«Бақыттың мәні- парасаттылықта»

Әбу Насыр Әл-Фараби.

Бурабай  ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің»  парасаттылық пен әділдік, ізгілік  пен даналықтың ордасы орталық аудандық кітапханасында «Адалдық алаңы» жобасы аясында  «Парасат жолы» орталығы ашылды.

Орталықтың ашылуының негізгі мақсаты — ғылыми және шығармашыл зиялы қауым өкілдері бірлесіп, қоғамдағы парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Орталықта  сыбайлас жемқорлыққа байланысты  оқырмандарды, жастарды адалдыққа, парасаттылыққа шақыратын әдебиеттерден тұратын «Кітап-адалдық кілті» көрмесі ұсынылған. Оқырмандар үшін буклеттер мен ақпарат парақшалары  қойылған.

Аталмыш орталықта алдағы уақытта кітапхана жастары жиналып, пікір-талас кештері, диалогтық алаңдар т.б. іс-шаралар  өткізілетін болады.  «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» деп қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов айтқандай  әділдікті, адалдықты, шыншылдық сияқты адами құндылықтардың алатын орны бір бөлек.

Қ.Бөкенова, Бурабай ОҚЖ-нің  әдіскері

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.