Гүл көктемнің алғашқы мерекесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мереке – 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Сондықтан да, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны бөлек.
Әйелдер түрлі саланың қызметкерлері болғанымен, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы болып отыр. Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың ұясы.
Әрқашан отбасыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар! Дендеріңізге саулық, босағаларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
М.Нұрпанова, Бурабай аудандық мәслихат хатшысы