Балаларды өрттен қорғайық!

 

Нақтылы мәнінде, үлкендер жағы балаларды отпен  ойнатпау керек. Олай дейтініміз, аудандағы  өрттін көпшілігі  осы себептен болып отыр. Оттын қауіпті  екендігін, егер ол тұтана қалса, үлкен нұқсан келтірумен ғана емес, кісі өлімімен  тынатының  күнделікті  ескерткенің артығы болмайды. Бұл  жөнінде  әсте балаға ұрсып, зекіп түсіндірмек болсаңыз, онын ешқандай  нәтижесі  болмайтының  ұмытпаңыз. Оның орынына  балаға үлгі  боларлық,  есінде   қаларлық  жағдайларды санасына көбірек жеткізген орынды.

Әсіресе, жас балалар отқа үйір келеді. Ол түсінікті де өсіп келе жатқан сәби әр нәрсеге тансық, әр нәрсенін құпия-сырын өзінше  білгісі келеді. Мәселен «сірінкенің ұшын  қорапқа үйкелегенде ол неге тұтанады?», «тұтанған шиден  шыққан жалын  қараңғы бөлмені  неге жарық қылады?». Мне, осы тәріздес өзі білмейтін  нәрселердің бәрін  оңашада  өздігінше  біліп, іс  жүзінде қолдануға  құмартады. Егер осы бір қарапайым құбылыс сырын балаға өзіңіз түсіндіріп  берсеңіз, бәлкім  ол жанағыдай райынан қайтуы мүмкін.

Сіріңке  немесе оттық (зажигалка) сырын бірінші рет үйренген бала оны қайталай бергісі келеді. Сөйтіп ол тұрақты әдетке  де айналады. Бұл өте  қауіпті ойын  екенін  біз біле тұра  оған жөнді мән  бермейміз.Тағы мынадай бір жағдай : аяғын  енді  ғана тәй-тәй  басып жүрген баласын  тіл-алғыш екеніне қызығып, әкесі: құлыным-ай, анау  жақтағы газ плитаның үстіндегі  сіріңкені  әкеліп бере қойшы, — дейді. Жығыла сүрініп газ плитаға барып сіріңкені әкеле жатқан баланы көріп үй ішіндегілері мәз болады. Енді бірде әлгі қамқор әке  баласына сіріңкені жақтырып, одан темекісін тұтатып тағы мәз болады. Міне осылайша өздері де байқамай, баланы отқа  үйір қылып алады. Ал оның немен тынары белгілі. Енді сол бала әлде  қалай  үйде жалғыз қалса, жоғарыда айтылғандай  әкесіне жасағаны есіне түсіп  сіріңке жағып, газ плитаны қосады немесе әкесінің темекісін  тұтандырып ойнайды.

Ата-аналар, өз балаларыңызды сақтаңыздар, оларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Есте сақтаңыздар, тұрмыста өрт қауіпсіздік ережесін бұзу, сіздің отқа немқұрайды қарауыңыз үлкен шығынға әкелуі мүмкін.

 

Е. Құсайынов, Бурабай ауданы ТЖБ аға инженеры           

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *