Бурабай ауданының әкімі Ә. А. Мұздыбаевтың Халықаралық әйелдер күні мерекесі 8-наурызбен құттықтауы

Құрметті қыз-келіншектер, арулар, аяулы асыл аналар!

Көктемнің шуақты гүл мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арнаған шынайы құттықтау тілегімді қабыл алыңыздар!

         Бұл күн ертеден бастап әйелдер қауымына тағзым жасап, сүйіспеншілік білдіретін қуанышты сәтке айналды. Өмірдегі бар жақсылықтар мен маңызды іс-шараларға белсенділік танытқандарыңыз үшін біз сіздердің алдарыңызда бас иеміз. Сіздердің нәзік және шыдамды асыл қасиеттеріңіз арқылы біз адамгершілік қатынастың құндылықтарын одан сайын сезінеміз. Әкелік қуаныш кеудемізде болғанмен шаңырақтың тұрақтылығын сақтауда ізеттілік танытамыз.

         Бірақ жаңа заманның әйелдері отбасындағы тірліктермен шектеліп қалмайды. Бурабай ауданының қыз-келіншектері қоғамның нағыз белсенді мүшесі ретінде танылады, біз олардың курорттық өңірдің гүлдену жолында атқарған еңбектерін жоғары бағалаймыз. Барлық аналар қауымына деген сүйіспеншілігімді білдіремін. Сіздердің өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, оларды өсіріп, тәрбиелеуде біздің балаларымызға деген жауапкершіліктің жоғары екенін де жақсы түсінеміз. Біздің мемлекеттің болашағы үшін өмірлеріңізді сарп еттіңіздер. Туған еліміздің өркендеп-даму жолында қаншама ардагер аналар еңбек етіп, зор құрмет пен беделге лайық болды, осы тынымсыз еңбектеріңіз үшін сіздерді ардақ тұтамыз!

         Барша қыз-келіншектер, ардақты аналар, бикештер мен бойжеткендер қашанда сіздердің жолдарыңызда бөгет болмай, құтты қадам, әрқашан сәттіліктер болсын! Сіздерді ер азаматтар өз қамқорлығына алып, көңіл бөлуден жалықпасын. Жақындар мен туғандарыңыз жақсы жетістіктерімен қуанта берсін. Бақыттарыңыз баянды, жүздеріңізден әрдайым шуақ кетпей, сүйкімді болып, армандарыңыз орындала берсін!

Ә. Мұздыбаев, Бурабай ауданының әкімі    

 

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *