Жұмыссыздықты жою үшін

Өткен аптада Бурабай ауданының әкімінің орынбасары Анар Күзембаеваның төрағалық етуімен арнайы жиын өтті. Жиында көтерілген мәселе жұмыссыздықты жою және жазасын шартты түрде өтеп жүргендерді жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Аталмыш жиында Бурабай аудандық жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Жанар Айтмағанбетова сөз алып, қазіргі таңдағы еңбек етіп, жазасын шартты түрде орындап жүргендердің көпшілігі өз ісіне немқұрайлы қараудың кесірінен кейде заңға қарама-қайшылықтар туындап жатады деп өз ойын ортаға салды.  Жиын барысында Бурабай ауданының пробация бөлімінің бастығы Алдияр Байғожин; мұндай келеңсіздіктер болып тұратындығын жасырмады. Кейде жазасын шартты түрде орындап жүргендерді жұмысқа орналастырған соң, еңбекақысын алғаннан кейін ішімдік ішіп кететіндігін жасырмады. Жиынды түйіндей келе аудан әкімінің орынбасары мұндай келеңсіздіктерді жойып, неғұрлым тәрбиелеп жақсы жолға салу керектігін айтып өзінің ойын қорытындылады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.