Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша тұрғындарды ақпараттандыруға бағытталған. Жария талқылау қызметті сондай-ақ берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы қағидаттарының іске асырылуын, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін тұрақты жетілдіруді, олардың көрсетілуінің үнемділігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Ағымдағы жылдың 01 наурызынан бастап 30 наурызына дейін аудан әкімінің сайтында (Құжаттар) «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің «Жария талқылаулар» кіші бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсететін ауылдық округтер, Бурабай кенті, Щучинск қаласы әкімдерінің және дербес бөлімдердің 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметінің нәтижелері туралы есептер орналастырылатын болады.

Аудан тұрғындарына «Пікір» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыруға мүмкіндік берілетін болады.

Ауданның барлық тұрғындарына жария талқылауларға белсенді қатысу өтінішімен жүгінеміз.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *