«Тынысым қайта ашылды» — Президенттік клиниканың пациенті өз оқиғасымен бөлісті

 

Біз, орайы түсіп, Талдықорғанның тумасы, Президенттік клиникада тегін операция жасатқан пациенті — Анжеламен әңгімелестік, осы операцияның нәтижесінде оның дауысы және еркін тыныс алу мүмкіндігі қайта қалпына келтірілген.

Анжеланың айтуынша, оған 2019 жылы қалқанша безін алып тастау үшін операция жасалған. Осыдан кейін оның дауысы жоғалып, тыныс алуы қиынға соға бастаған.

Кейінірек белгілі болғандай, ол мұндай операциялардың салдарынан жиі туындайтын асқынулардың бірі – қайтымды көмей жүйкесінің зақымдануына байланысты дауыс байламдарының параличіне ұшыраған.

«Мен әрең сөйлеп, ауыр тыныс алатынмын. Үнемі тынысым тарылып тұратын. Тіпті тісімді де тұншығып, әзер тазалайтынмын», — деп еске алады Анжела. Дәрі-дәрмекпен емдеуге тырысты, бірақ ешқайсысы көмектеспеді, керісінше нашарлай түсті. Талдықорғанда көмектесе алмағандықтан, Алматыдағы ауруханалардың біріне жүгіндім. Ол жерде маған диагноз қойылғанымен, Алматыда мұндай операциялар жасалмайтыны айтылды және Президенттік клиниканың лор дәрігері Когайға жүгінуге кеңес берді. Мен бірден дәрігердің қабылдауына жазылып, Нұр-Сұлтанға баруға бел будым».

2020 жылдың қыркүйек айында Анжела астанаға доктор Когайдан консультация алу үшін келеді, дәрігер оған портал арқылы тегін хирургиялық ем алуды ұсынады.

«Дмитрий Вилориевич маған егжей-тегжейлі мәселенің неде екенін және оны қалай емдеуге болатынын түсіндірді. Дәрігерлердің емделуге келген пациенттерге шын ниеттерімен жандары ашып, көмек көрсететін жағдайлары сирек кездеседі ғой», — дейді Анжела. — Мен бір жыл бойы не істерімді білмедім. Консультация алып, Талдықорғанға келгеннен кейін порталға тұру үшін бірден дәрігерге бардым. Маған операцияны желтоқсан айында жасайтын болып белгіленді, мен сол күннен бастап өзімді операцияға дайындай бастадым. Нұр-Сұлтан қаласына 14-желтоқсан келдім, ал келесі күні операция столында жаттым. Операция жақсы өтті. Содан бері міне бір ай өтті, мен өзімді жақсы сезінемін. Дауысым біртіндеп оралып келеді. Ең бастысы мен қайтадан еркін тыныс ала аламын!»

Президенттік клиниканың оториноларингологы Дмитрий Когайдың айтуынша, мұндай асқынулар жиі кездеседі: «Пациенттер мен дәрігерлердің көбісі оның емделетінін білмейді. Біздің Қазақстанда, тіпті тегін емдеуге болатынынан да бейхабар»-дейді.

«Мұндай ауруы бар жалғыз мен ғана емеспін, — деп жалғастырды Анжела. — Мен осы жылы ауруханаларда жиі болдым, мен сияқты ауруына ем таба алмай жүрген жандар көп. Өкінішке орай, олар қажетті операцияларды Қазақстанда тегін жасатуға болатынын білмейді».

Анжеланың неліктен өз оқиғасымен бөліскісі келетіндігін сұрағанда, ол күлімсіреп былай деп жауап берді: «Неге бөліспеске? Бұл мен үшін үлкен бақыт. Өз бақытыммен және жақсы өмір сүруге деген үмітіммен неге бөліспеске?»

Президенттік клиниканың (ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы) баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.