Құрметті әжелер, аналар мен әпке-қарындастар!

«Nur Otan» партиясының Бурабай аудандық филиалы сіздерді көктемнің халықаралық шуақты мерекесі — 8 Наурыз күнімен құттықтайды!

Бұл күн мейірімділік, махаббат пен сұлулықты бейнелейді. Сіздер өмірімізді жарыққа толтырып, жанымызға қуаныш сыйлап келесіз. Бүгінде,  әйел – тек отбасы ошағының сақтаушысы ғана емес, белсенді азаматтық ұстанымы бар, қоғамның толыққанды мүшесі болып табылады, еліміздің мемлекеттік және саяси өміріне қатысатын тұлға.

«Nur Otan» партиясының көшбасшысы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу үрдісінде әйелдердің баға жетпес рөлін талай рет атаған болатын, бұл еліміз қол жеткізген барлық істе – әйелдеріміздің зор еңбегі деп білеміз.

Біздің ауданда, қоғамда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген әйелдер саны артып келеді. Әйелдер бизнес пен саясатта, ғылыми, өндірістік және әлеуметтік-мәдени салалардағы ықпалды күш болып табылады. Мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, басшылар – бүгінде тыныс-тіршіліктің барлық салаларында қызмет атқаруда. Бүгін біз аға буын әйелдеріне – соғыс, еңбек ардагерлеріне, күш-жігерін аямай, Отанымыздың бүгіні мен болашағының игілігі үшін аянбай еңбек еткен барлықтарыңызға бас иіп ерекше алғыс білдіреміз.

Сіздерге және жанұяларыңызға зор денсаулық, амандық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейміз!

«Nur Otan» партиясы Бурабай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мажиков

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *