Ардақтайық ардагерлерімізді

Өткен аптада Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға ат салысқан, жерлесіміз Галина Хамидованы  аудан басшысы Әсет Мұздыбаев арнайы құттықтады. Апат кезінде ер адамдармен бірге иықтасып жүріп, апатты жоюға ат салысқан ардагердің қал-жағдайымен танысып сөйлесті. Әңгіме барысында Чернобыль апатының кезіндегі ауыр күндерді ардагер еске алды. Ондай қиындық енді болмасын, халқымыз бай-қуатты болып, егеменді еліміз қарыштап дами берсін,- деді өз сөзінде ардагер. Аудан әкімі кездесуде өз атынан «Алғыс хат» табыстап, отбасына амандық, деніне саулық тіледі.

Апталық шолу

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.