Дәрі-дәрмек тапшылығын туғызғандарға шара қолдану керек

Дәрі-дәрмек тапшылығын жасағандарға шара қолдану керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заңға сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына тегін берілуі тиіс медикаменттер мен заттардың жоқ болуы фактісіне назар аудару маңызды. Медициналық мекемелер олардың жоқ екенін жиі айтады және адамдар, оның ішінде аз қамтылған топтар оны өз қаражатына сатып алуға мәжбүр болады. Ал шенеуіктердің есебіне сәйкес, еш проблема жоқ, бәрі сатып алынған және 100 пайыз иегеріліп жатыр», — деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте ҚР Президенті еліміздің Бас прокуратурасына аталған мәселе бойынша ішінара тексеру жүргізу тапсырылғанын атап өтті.

«Оның нәтижесінде кінәлі адамдарға қатысты шара қолдану керек. Бұған қоса, жазамен ғана проблеманы шешу мүмкін емес. Цифрландыруды енгізу өте маңызды. Әр азамат өзіне не тиесілі екенін білуі, дәрі-дәрмекке тапсырыс беріп, оны алғандығын онлайн нақтылауы маңызды. Бұл — өте маңызды мәселе. Үкіметке бұл тапсырмаға барынша жіті назар аударуды өтінемін. Бұл мемлекеттік қызмет орталықтандырылған және проактивті болуы қажет», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оставить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *