Наурызымыз жылдың басы

Қазақ халқының жаңа жылы Наурыз айында басталатыны мәлім.  Ескіше күнтізбе бойынша 14-наурыз көктемнің алғашқы күндері басталады. Жер көгеріп, мал өріске шығып, табиғат анамыз ұйқыдан оянып,  жер беті гүлденеді. Биыл Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың бұйрығы бойынша жыл басы Наурыз он күн тойланады. Осыған орай, Златополье орта мектебі де  мерекеге өз үлесін қосуда.

Қазіргі кезде барлығы онлайн түрде өткізілсе де, оқушыларымыз өздеріне артылған жұмысты абыроймен атқаруда.

Соның бірі он күндік мерекенің ішіндегі «Ас адамның арқауы» тақырыбы 7-ә сыныбына жүктелген болатын. Осы тақырыпты дәріптеу мақсатында оқушылар қазақтың ұлттық тағамдарынан көрініс жасап, жыл басы-Наурыз мерекесінде дастарқанға қойылатын тағам түрлерін презентациялады.

Күн мен түн теңеліп, ақ түйенің қарны жарылып, Самарқанның көк тасы еріген күн, қазақ халқының Жаңа жылы құтты болып, еліміз аман, жұртымыз тынышта болсын дейміз.

Анар Мырзаболатова, Златополье орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.