Қайырымдылық керуені

Ұлыстың ұлы күні қарсаныңда аудандық әкімдікте бір топ қоғам жанашырлары марапатталды.  Елдің мұңы мен мұқтажына ат салысып, қолдан келген көмегін аямаған бұл жандар, пандемия кезінде, оның алдында жоқ-жітіктке көмек қолын созған. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның қолымен расталған «Алғыс хат» ауданымызға келді. Марапатқа ие болғандар Ұрымқай ауылынан кәсіпкер Гауһар Байғожина «Туған жер» номинациясы  бойынша, Әсет Рақышев «Шаңырақ» СҮ-нің ішіндегі әлеуметтік дүкен иесі «Мейірім жолында» номинациясы, Оспанов Жеңіс Бурабай газетінің редакторы «Қайырымдылық тарихы» номинациясы, Александр Клименко блогер, «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша марапатталды. Аталмыш тұлғаларға Бурабай ауданының әкімінің орынбасары Бекахмет Махметов салтанатты түрде табыстады.

«Бурабай ақпарат»

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.